• Мобильді үстемені жүктеу

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына

2021 жылғы 16 мамырдан 24 мамырға дейін компаниялар арасында іскерлік байланыстар орнату, жаңа нарықтарға шығу және тәжірибе алмасу мақсатында Бірінші «Еуразия EXPO» мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін Иран Ислам Республикасына мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен қазақстандық кәсіпкерлер өкілдерінің бизнес-миссиясы жоспарланған. Сапар аясында Бендер-Аббас ірі портына бару және Иранның өнеркәсіптік қалаларына бару жоспарланған.

Іс-шараны ұйымдастырушы - Астана дипломатиялық клубы. Бизнес-миссияларға қатысу ақылы болып табылады.

Егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ қатысушыларды   электрондық тіркеу  www.dipclub.kz/iran сайтында жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон арқылы хабарласуға болады: 87021113939, e-mail: info@dipclub.kz