• Мобильді үстемені жүктеу

Ауыл шаруашылығында 845 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

 Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында ауылдық жерлердегі өмір сүру сапасы деңгейін арттыру үшін ведомство жоспарлап отырған шараларды атап өтті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

АШМ басшысы қазіргі уақытта Министрлік АӨК дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба әзірлеп жатқанын, онда келесі әлеуметтік-экономикалық міндеттер көзделгенін хабарлады:

- 1 млн ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру;

- 70 мың отбасылық шаруашылық құру;

- ауыл шаруашылығында 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету;

- 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын тарта отырып, 7 экожүйе құру.

Осы міндеттерге қол жеткізу үшін ауылда жаңа инвестициялық жобалар іске асырылатын болады. Олар тұрақты жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік береді.  

"Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде бес жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, сондай-ақ салаға 4,5 трлн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда, бұл қосымша 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, 5 жыл ішінде 4,5 трлн теңге сомасына 845 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олар өңірлердің әкімдіктерімен және инвесторлармен пысықталды, тиісті жол карталарына қол қойылды. Бұл жобалар Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйені құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес іске асырылатын болады", - деді С.Омаров.

Ауылды қолдаудың қосымша шарасы ретінде, министрдің айтуынша, алдағы 5 жылда "Еңбек" бағдарламасы бойынша 250 млрд теңгеге 50 мың шағын несие беру жоспарланып отыр. "Сыбаға" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру аясында 2025 жылға дейін етті мал шаруашылығында 2500 шаруашылыққа 175 млрд теңге беріледі. "Алтын асық" бағдарламасы бойынша қой шаруашылығында 117,2 млрд.теңгеге 11 мыңнан астам шаруашылыққа несие беру жоспарлануда. "Кең дала" бағдарламасы бойынша жыл сайын көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы АӨК-ін дамыту көбінесе ауылдық аумақтарды, оның ішінде ауылдағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қолдау жөніндегі бағдарламалардың табысты іске асырылуына байланысты екенін атап өтті. Бұл бағытта Үкімет белсенді түрде шаралар қабылдауда, соның ішінде ауылдық елді мекендерде тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша шаралар қабылдануда.

"Ағымдағы жылы ауылда тұрғын үй салудың жаңа тетігін енгізу жоспарлануда, ол ауылдарда қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс беруші шығындарының 50% субсидиялауды көздейді, бұл ауылдық жерлерге жас кадрларды тартуға мүмкіндік береді. Бұл бастаманы агробизнес бірнеше рет көтерді және Үкімет оны қолдады", - деп атап өтті Сапархан Омаров.

https://24.kz/ru/news/economyc/item/468834-845-investproektov-planiruetsya-realizovat-v-selskom-khozyastve
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс