• Мобильді үстемені жүктеу

Инвестштаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту нәтижелері қаралды

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту бойынша жұмыстың қорытынды көрсеткіштері қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2021 жылдың І тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,6%-ға қысқарғанын айтты. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 34% деңгейінде өскенін көрсетті.

 Негізгі капиталға инвестициялар бойынша өсудің оң қарқынына 15 өңірде және Республикалық маңызы бар қалаларда қол жеткізілді. Көшбасшылар Түркістан (67,4%), Жамбыл (32,9%), Қостанай (23,3%), Қарағанды (22,8%), Солтүстік Қазақстан (20,6%) облыстары, сондай-ақ Шымкент (45,8%) және Алматы (34,5%) қалалары болды. Артта қалушылық Батыс Қазақстан (-48,7%) және Атырау (-39,8%) облыстарында байқалады.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов АӨК, фармацевтика, химия және металлургия өнеркәсібі сияқты салаларда $4,2 млрд. астам сомаға пысықтау деңгейі жоғары 12 жобаны дайындау барысы туралы баяндады.

2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде инвестициялардың жалпы сомасы 45,5 трлн тг. ($100 млрд) болатын 2500-ден астам жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Көрсетілген жобаларды іске асыру 2025 жылға қарай негізгі капиталға инвестициялар бойынша нысаналы индикаторға ЖІӨ-ге 30% деңгейінде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Инвестициялар тарту жұмыстары туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндады.

 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин 2021-2025 жылдарға арналған ЦДИАӨМ байланыс және телекоммуникация, цифрлық майнингті дамыту, аэроғарыш өнеркәсібі, IT-сала, электрондық өнеркәсіп салаларында жалпы сомасы 1,5 трлн теңге болатын 170 жобаны іске асыруды мақсат етіп отырғанын атап өтті. Ағымдағы жылы 265 млрд теңге сомасына 64 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев 2021-2025 жылдары әкімдік АӨК, жаңартылатын энергетика, туризм, химия өнеркәсібі және т. б. салаларда 27 мың жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 2,6 трлн теңге болатын 181 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырғанын баяндады. Ағымдағы жылы 256 млрд теңгеге 81 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов алдағы 5 жылда әкімдік АӨК, машина жасау, цифрландыру, фармацевтика, денсаулық сақтау, ТМК және т. б. салаларда 1,5 трлн теңге сомасына 66 жобадан тұратын пул қалыптастырғанын атап өтті.

«Ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмысты барлық мемлекеттік органдар, өңірлердің әкімдіктері мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жүйелі негізде жүргізуі тиіс», — деді А.Мамин.

https://primeminister.kz/ru/news/itogi-privlecheniya-investiciy-v-i-kvartale-2021-g-rassmotreny-na-zasedanii-investshtaba-1635416

 

Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.