Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына
Suleiman&Patrners (бұдан әрі - Suleiman&Patrners) қазақстандық заң компаниясы Чех Республикасының Прага қаласында компанияның филиалын ашты.
Филиалдың негізгі міндеттері:
- Қазақстанға Еуропалық инвестицияларды тарту;
- қазақстандық инвестициялық жобаларды Еуропада ілгерілету;
- Прагада еуропалық компаниялармен ынтымақтасатын қазақстандық ұйымдардың мүдделерін білдіру;
- Прагада және бүкіл Еуропада еуропалық ұйымдармен және компаниялармен кездесулер мен келіссөздер өткізу;
- еуропалық инвесторларға кеңес беру және басқа да заң қызметтерін көрсету;
- Прагада және тұтас Еуропада қазақстандық және еуропалық компаниялар арасында кездесулер ұйымдастыру.
Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту үшін Suleiman&Patrners https://icoso-conference.suleimanpartners.com/dist/#/ сайтында қазақстандық инвестициялық жобаларды орналастыру үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық онлайн-алаң құрылды.
Онлайн-алаң туралы ақпарат 44 еуропалық сауда-өнеркәсіп палатасына жіберілді. Бұл шетелдік компанияларға қазақстандық инвестициялық жобалармен танысуға мүмкіндік береді.
Suleiman&Patrners компаниясы ICOSO 2021 "бірыңғай кеңсе" қағидаты бойынша инвестициялық жобалар Орталығының онлайн-конференциясын өткізуді жоспарлап отырғанын естеріңізге саламыз, ол 2021 жылғы 20 мамырда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 14.00-де онлайн форматта өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша мына электронды мекенжайға хабарласуға болады: conference@suleimanpartners.com немесе WhatsApp +420 608 522 893