• Мобильді үстемені жүктеу

БАӘ мен Ресейдің инвесторлары Қазақстанда сирек кездесетін жерлерді бірлесіп өңдейтін болады

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов эмираттық «SSD Group» компаниясының және ресейлік «ДИНАТРОН» компаниялар тобының басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында шетелдік инвесторлар Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс химия-металлургия зауытын жаңғырту және сирек кездесетін металдар өндірісі бойынша бірлескен жобаны іске асыруға ниет білдірді.

Кәсіпорынды жаңғырту шеңберінде жаңадан соғу, табақ прокаттау және құбыр прокаттау өндірісінің құрылысы пысықталуда. Осылайша, 2024 жылға дейін металлургия зауытына салынатын инвестиция көлемі $100 млн-нан асады. Негізгі жобадан басқа, шетелдік кәсіпкерлер осы кәсіпорын үшін энергетикалық жобаларға инвестиция салуды жоспарлап отыр.
«Қазақстан сирек және жерде сирек кездесетін металдар мен олардан жасалатын өнімдерді жеткізудің жоғары технологиялық өндірістерде белсенді пайдаланылатын жаһандық тізбектің бір бөлігі болуға ұмтылуда. Ал ЕХМЗ Қазақстандағы сирек кездесетін металдар өндірісі саласын дамытудың драйвері бола алады. Осыған байланысты, KAZAKH INVEST мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, жобаны одан әрі дамыту үшін жан - жақты қолдау көрсетуге дайын", - деп толықтырды «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Кездесу қорытындысы бойынша «SSD Group» бас директоры Раджеб Канан мен «ДИНАТРОН» компаниялар тобының басшылығы жобаны одан әрі бірлесіп пысықтау туралы уағдаласты.

Анықтама үшін:
«SSD Group» компаниясының негізі 1977 жылы қаланған, оның құрамына шейх Сұлтан бин Сурур Әл-Дахиридің иелігінде, басқаруында немесе қарамағында 40-тан астам кәсіпорын кіреді. Бүгінгі күні SSD тобының мықты базасы және оннан астам елді (Ұлыбритания, Канада, Египет, Ливан, Кувейт, Бахрейн және Марокко және т.б.) қамтитын сан алуан халықаралық инвестициялық портфелі бар және ол кәсіпорындар мен қызмет түрлерінің (мұнай-газ қызметтері, агробизнес, тау-кен металлургия кешені, жылжымайтын мүлік, сауда, денсаулық сақтау және т. б.) алуан түрлі жиынтығын қамтиды.
«ДИНАТРОН» компаниялар тобының негізін 1996 жылы «РОСАТОМ» кәсіпорындарында ғылыми-техникалық жұмыстарды орындау үшін РФ атом саласының технологтары, мамандары тобы қалады. Бүгінде компания ұжымына сирек және сирекжер металдарды өндіру технологияларын әзірлеу және өнеркәсіптік енгізу саласында бірегей құзыреттілікке ие 20-дан астам техника ғылымдарының кандидаттары мен докторлары кіреді. «ДИНАТРОН» құрамына 9 ресейлік және қазақстандық компания кіреді.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/investory-iz-oae-i-rossii-budut-sovmestno-pererabatyvat-redkozyem-v-kazakhstane/