• Мобильді үстемені жүктеу

ШҚО-да түрік инвесторлары әлеуметтік жобаны жүзеге асыра бастады

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентінде жаңа жылу көзінің (қазандық) құрылысы басталды. «Mimsan Endustri Kazanlari Sanayi ve Ticaret A. S.» АҚ түрік компаниясының жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі шеңберінде іске асырылуда. МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі 12 жылды құрайды, оның 10-ын инвестор басқаратын болады.

Жоба үш заманауи қазандықты орнатумен белгіленген қуаты 30 Гкал/сағ жылу көзін салуды көздейді. Негізгі отыны жылу маусымына 15 000 тоннадан аспайтын көмір шығыны бар тас көмір болады.

Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 4,5 млрд теңгеден асады. Оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстары 1,4 млрд теңгеге, құрал-жабдықтары (бағдарламалық қамтамасыз ету, құрал-жабдықтар, сервер) 2,7 млрд теңгеге бағаланады. Қалған қаражат жобаны басқаруға бағытталады.

«Өңірде МЖӘ жобалары белсенді дамуда. Өңір басшылығы мен KAZAKH INVEST және Түркиядағы ҚР Елшілігінің бірлескен күш-жігерімен бүгінгі күні шетелдік инвесторлар тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қызығушылықты арттыру мүмкін болды. Бұл жоба құнының 40%-ы мөлшерінде мемлекет тарапынан қоса қаржыландыруды көздейді. Осылайша, мемлекет жобаға 1,6 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын салады, ал түрік кәсіпкерлері 2,8 млрд. теңгеден астам инвестиция салады»,-деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК»   АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік директоры Нартай Бейсеков.

Инвесторлардың айтуынша, жаңа қазандық жаңа энергиялық тиімді технологиялардың көмегімен жылу энергиясын өндіреді, бұл органикалық отын шығынын едәуір азайтады және атмосфераға шығарындыларды азайтады. Жеке серіктестердің алдын ала есептеулері бойынша нысанда электр энергиясын тұтыну 50%- ға, ал отын шығыстары 25%-ға төмендейді.

 Анықтама: «MIMSAN Endustri Kazanlari Sanayi ve Ticaret A. S.» АҚ  Түркияның жылу техникасы және энергетика саласындағы қазандықтар мен жылыту құрылғыларын өндіретін 5 үздік  компанияның бірі болып табылады.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/turetskie-investory-nachali-realizatsiyu-sotsialnogo-proekta-v-vko/