• Мобильді үстемені жүктеу

Швейцариялық инвесторларды Қазақстанның инфрақұрылымына инвестиция салуға шақырды

Швейцариялық инвесторларға "Switzerland Global Enterprise" экспорт пен инвестицияларға жәрдемдесу орталығы ұйымдастырған вебинар аясында Қазақстанның инфрақұрылымдық саласының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Вебинарға 100-ге жуық швейцариялық компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты, оның ішінде: АВВ, Bombardier Transportation (Switzerland) AG, Sika Services AG, MAN Energy Solutions Schweiz AG, Inoks Capital SA, Militzer & Münch AG, Siemens Mobility SP, Burckhardt Compression, SWISSMEM Қауымдастығы және т. б.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Швейцариядағы елшісі Әлібек Бақаев инвестициялық ахуалды жақсарту және инфрақұрылымды жетілдіру Қазақстан Үкіметі жұмысының стратегиялық бағыттары болып табылатынын атап өтті. Спикер іс-шараға қатысушыларды инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері және инвесторларды қолдаудың мемлекеттік шаралары туралы хабардар етті.

"Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар Швейцария тарапынан – Үкімет деңгейінде де, бизнес тарапынан да үлкен іскерлік қызығушылық тудырады. Атап айтқанда, швейцариялық тарап "Нұрлы Жол" инфрақұрылымдық даму бағдарламасының әлеуетін атап өтеді және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы жобаларға қатысуға қызығушылық танытады", - деп атап өтті Әлібек Бақаев. 

Сонымен қатар, вебинар барысында "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ өкілі Азамат Қожанов сөз сөйледі. Спикер инвесторларды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға шетелдік компаниялардың қатысу мүмкіндіктерімен таныстырды және қазіргі уақытта ҚР-да іске асырылып жатқан бірқатар перспективалық жобаларды ұсынды. 

"Бүгінгі таңда Қазақстан инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде елдің транзиттік әлеуетін жақсарту мақсатында белсенді түрде дамытуда. "Нұрлы Жол", госпитальдық бағдарлама сияқты мемлекеттік бағдарламалардан және МЖӘ қағидаты бойынша басқа да бастамалардан басқа, көлік және логистика саласында бірқатар басқа да коммерциялық жобалар бар. Олардың ішінде теңіз порттарын дамыту, АЭА жобалары, "Қорғас" ШЫХО, туризм және т.б. аталған коммерциялық жобалар конференцияға қатысушыларға таныстырылды. Соның ішінде бірқатар компаниялар АӨК және инфрақұрылым саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша өздерінің табыс тарихымен таныстырды" - деп атап өтті Азамат Қожанов.

Іс-шара қорытындысы бойынша бизнесмендер ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен қазақстандық тарап ұсынатын, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтар шеңберіндегі жағдайларға қызығушылық танытып, ҚР аумағында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылауға дайын екендіктерін білдірді. 

Анықтама: Швейцария Конфедерациясының және Швейцария кантондарының атынан "Switzerland Global Enterprise" экспорт пен инвестицияға жәрдемдесетін швейцариялық орталық Швейцария мен Лихтенштейн компанияларына халықаралық бизнесті дамытуға жәрдемдеседі.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/shveytsarskikh-investorov-priglasili-investirovat-v-infrastrukturu-kazakhstana/