• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанда жаңа май экстракциялық зауыт ашылады

Заманауи зауыт биыл Шығыс Қазақстан облысында іске қосылады. Онда күнбағыс майы мен жоғары протеин шроты шығарылады, деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

Дайын өнімді шетелге: Қытайға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Иранға, Түркияға және Еуроодақ елдеріне экспорттау жоспарлануда. Осы мақсатта "QAZAQ-ASTYQ GROUP" ЖШС өкілдері өз жобасына жаңа отандық кәсіпорынды қаржыландырған Қазақстанның Даму Банкін тартты.

"QAZAQ-ASTYQ GROUP" ЖШС заманауи зауытының қуаттылығы - күнбағыс тұқымдары бойынша тәулігіне 1000 тонна, рапс және зығыр тұқымдары бойынша 800 тонна шикізат өңдеу. "Нұрлы Жол"мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанның Даму Банкі тарапынан қарыз көлемі 3 жыл мерзімге шамамен 4,5 миллиард теңгені құрады. Банк берген қаржы қаражаты шикізат, майлы дақылдар тұқымдарын, материалдар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалады.

Владимир Ли, Қазақстан Даму банкінің аға банкирі:

- Жалпы жоба банк мандатына сәйкес келеді. Бұдан басқа, жобаны іске асыру қазақстандық өндірушілердің өңдеу көлемін ұлғайтуға бағытталған, бұл перспективалы сала болып табылады.

Кәсіпорынның басты мамандануы - тазартылмаған өсімдік майы мен шрот өндірісі. Зауыт дайын өнімнің 90% - дан астамын экспортқа шығаратын болады. Бұл отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін тамаша ынталандыру болады, олар майлы дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайта алады.

Алтынбек Нұратұлы, "QAZAQ-ASTYQ GROUP" ЖШС директорының орынбасары»:

- Зауыт заманауи технология бойынша салынған. Мультипликативті әсер болады. Биыл біз осы шикізатты қайта өңдеуді бастаймыз, өсімдік майын өндіруді бастаймыз.

Қазіргі заманғы ірі қуатты май зауыттары салық және жұмыс орындарын құру түрінде өте жақсы әлеуметтік-экономикалық мультипликативті әсер береді. Болашақта "QAZAQ-ASTYQ GROUP" зауытында екі жүзден астам адам жұмыс істейді.

Қуаныш Мұқажанов, "KazakhExport" ЭСК " АҚ сақтандыру департаментінің директоры»:

- "KAZAKHEXPORT" мұнда өзінің сақтандыру қорғанысын ұсынды. Сақтандыру арқылы қорғау ҚДБ қарызы бойынша қамтамасыз етуге кетті. "KAZAKHEXPORT ""QAZAQ-ASTYQ GROUP" несиелік тәуекелін өз мойнына алды.

Жобаның екінші кезеңінде тазартылған өсімдік майын шөлмектерге құю цехын іске қосу жоспарлануда.

 Авторлары: Әсем Өтешева, Берік Жобалайұлы

 https://24.kz/ru/news/economyc/item/463437-novyj-masloekstraktsionnyj-zavod-poyavitsya-v-kazakhstane