• Мобильді үстемені жүктеу

Кұрметті Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері!

Suleiman&Patrners компаниясы ICOSO 2021 «бірыңғай кеңсе» қағидаты бойынша инвестициялық жобалар орталығы конференциясын өткізуді жоспарлап отыр, ол 2021 жылғы 20 мамырда Нұрсұлтан қ. уақыты бойынша сағат 14.00-де онлайн форматта өтеді.

ICOSO 2021 конференциясы Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Қазақстан мен Чехия бизнес-қоғамдастығының басты оқиғасы болады.

Конференция ашық халықаралық инвестициялық алаң болып табылады, ол Сізге өзінің инвестициялық жобаларын орналастыруға және шетелдік инвесторлардың назарын аударуға бірегей мүмкіндік береді.

Осыған орай, Сізді жоғарыда аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда қатысушылар туралы ақпаратты 2021 жылдың 19 наурызына дейін invest-vko@mail.ru электрондық мекен-жайына жіберілсін.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне қоңырау шалуға болады:   8-(7232)-71-32-68.