• Мобильді үстемені жүктеу

А.Маминнің БАӘ сапары: $2,2 млрд инвестициялық келісімдерге қол қойылды

         ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Абу-Даби қ. жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті және Премьер-Министрі, Дубай әмірі Мұхаммед ибн Рашид Әл Мактуммен және БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді.   

Тараптар бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын және сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік, туристік, ғарыш, тау-кен металлургия, энергетика және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Үкімет басшысы сондай-ақ БАӘ бизнес капитандары – «Mubadala» мемлекеттік холдингінің, «Aldar Properties», «ADQ», «Al Dahra Holding», «International Holdings Company» («Royal Group») компаниясының басшылығымен кездесті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР мен БАӘ арасында құс фабрикалары мен сүт-тауар фермаларын салу, жемістер мен саңырауқұлақтарды өндіру және өңдеу, ТМК және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық, Екібастұз қаласының өнеркәсіптік аймағында Индустриялық парк құру, Шығыс Қазақстан облысындағы «Катонқарағай» туристік кешенін құру, сондай-ақ Қазақстанда электромобильдер компоненттерін өндіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру бойынша 17 үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды. 

БАӘ Қарағанды облысында сумен жабдықтау және су бұру бойынша жобаларды іске асыруға қатысады, олар озық технологияларды беруді және Қазақстанда өндірісті кейіннен оқшаулауды көздейді. 

АӨК жобаларын қаржыландыру үшін Қазақстан мен БАӘ жалпы капиталы $100 млн болатын бірлескен қор құрады.

АХҚО алаңында «E-Banking» саласындағы ынтымақтастық дамитын болады.  

Көрсетілген жобалар бойынша ҚР экономикасына инвестициялардың жалпы сомасы шамамен $2,2 млрд құрайды. Инвестициялық жобалар қосылған құны мен рентабельділігі жоғары, сондай-ақ ішкі және перспективалы сыртқы нарықтарда сұраныстың үлкен әлеуеті бар жаңа өндірістерді құруды көздейді. Оларды іске асыру Қазақстанда жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға, озық технологиялар мен практикаларды енгізуге мүмкіндік береді. 

Екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейту шеңберінде эмираттық «Wizz Air Abu Dhabi» лоукостері ағымдағы жылдың мамыр айында «Абу-Даби – Алматы» және «Абу-Даби - Нұр-сұлтан» бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар әуетасымалын бастайды.

А. Мамин БАӘ батырларының «Уахат Әл-Карама» мемориалына гүл шоқтарын қойып, «Masdar City» эко-қаласының аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысып, Мұхаммед бен Заид атындағы Жасанды интеллект университетіне барды.

Дубай қ. Үкімет басшысы Дубай халықаралық қаржы орталығының (DIFC) және «Дубай инвестициялық корпорациясының» басшылығымен келіссөздер жүргізді, оның барысында ҚР мен БАӘ қаржы-инвестициялық ынтымақтастығын, оның ішінде АХҚО алаңында одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. 

Жұмыс сапарына Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы – АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Әділет министрі Марат Бекетаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Арифханов, ҚР іскер топтарының өкілдері және т. б. қатысты.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/vizit-a-mamina-v-oae-podpisany-investitsionnye-soglasheniya-na-2-2-mlrd/