• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан 2020 жылғы Экономикалық еркіндік рейтингінде 39 орынды иеленді

«Мұра қоры» (Heritage Foundation) Америкалық зерттеу орталығының 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан өз көрсеткіштерін 20 позицияға жақсартып, 180 орынның ішінен 39-орынды иеленді (2019 жылғы рейтингте – 59-орын).
Heritage Foundation Қазақстанның 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан алғанда анағұрлым маңызды оң серпіні бар 10 елдің біріне айналғанын атап өтті.
Оң серпін фискалдық тұрақтылық, меншік құқығын қорғау, мемлекеттік органдардың тиімділігі, мемлекеттік шығыстардың тиімділігі, бизнестің бостандығы, сауда еркіндігі, сот жүйесінің тиімділігі секілді көрсеткіштер бойынша байқалды.
Тұрақты динамика инвестициялар еркіндігі, қаржы секторының еркіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша байқалды.

Салыстыру үшін, 2020 жылғы Экономикалық еркіндік индексі бойынша елдер рейтингінде Ресей Федерациясы 94-орынды, Өзбекстан Республикасы 114-орынды, Беларусь Республикасы 88-орынды, Қырғыз Республикасы 81-орынды иеленді. Экономикалық еркіндік деңгейі аса жоғары 5 елдің қатарына Сингапур, Гонконг, Жаңа Зеландия, Австралия, Швейцария кірді.
Анықтама: «Мұра қоры» (Heritage Foundation) Америкалық зерттеу орталығы әлем елдерінің экономикалық еркіндігі туралы есепті жыл сайын шығарады. Экономикалық еркіндік индексі (Index of Economic Freedom) – сәйкес рейтинг қалыптастыратын экономикалық еркіндік деңгейін бағалайтын құрамдастырылған көрсеткіш.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakhstan-v-reytinge-ekonomicheskoy-svobody-2020-zanyal-39-mesto/