• Мобильді үстемені жүктеу

Варшавада Польша мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастығының күндері өтті

Қазақстан Республикасының Варшавадағы Елшілігінің қолдауымен Кельц қаласындағы Көрме орталығы мен Польша-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Польша мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық күндері» тақырыбында онлайн-вебинар ұйымдастырды. Вебинар мақсатты аудиториясы Польшаның 30 мыңға жуық кәсіпкері болып табылатын "Targi Kielce" арнасында Facebook тікелей трансляциямен өтті.

Іс-шарада ҚР Польшадағы елшісі Ә. Қирабаев, Польшаның Қазақстандағы елшісі С. Хазбиевич, Польша-Қазақстан Сауда-Өнеркәсіп палатасының президенті П. Гузовский, Кельцтегі көрме орталығының Басқарма төрағасы А. Мохан, ҚР Даму және технологиялар министрлігінің басқарма басшысы А. Милота, KAZAKH INVEST Еуропадағы өкілі У. Сарыбаева сөз сөйледі.

Қатысушыларға Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, Аудитория Қазақстан халқына Жолдаудың негізгі тезистерімен және Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен бұрын» мақаласымен, сондай-ақ ҚР Үкіметінің халық пен бизнесті жаңа жағдайда қолдау бойынша қабылдаған шараларымен танысты. 

Баяндамаларда геостратегиялық жағдай, транзиттік және логистикалық әлеует, бай ресурстық база, халықаралық сауда және инвестициялық келісімдер, сондай-ақ ірі әлемдік нарықтарға қолжетімділік сияқты ҚР инвестициялық артықшылықтары атап өтілді.

Польшалық қатысушылар ҚР іскерлік және инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі шараларды жоғары бағалады және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты. 

Сонымен қатар, вебинар барысында қазақстандық және поляк музыкасы, ұлттық тағамдар, сондай-ақ Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды.  

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/polsko-kazakhstanskie-dni-ekonomicheskogo-sotrudnichestva-proshli-v-varshave/