• Мобильді үстемені жүктеу

Moody’s кредиттік агенттігі Қазақстан экономикасы бойынша кредиттік пікірін жариялады

Жаңартылған кредиттік пікірге сәйкес, әлемдегі және аймақтағы экономикалық жағдайдың тұрақты белгісіздігіне қарамастан, Қазақстан рейтингі пандемияға дейінгі Baa3 «Оң» болжамды көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Бастапқыда Baa3 рейтингінің «Оң» болжамы Қазақстанға 2019 жылдың тамыз айында берілді.

Baa3 мәртебесін сақтауға және кредиттік рейтинг бойынша оң болжам жасауға мүмкіндік берген факторлар мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі, айтарлықтай фискалдық резервтер, экономика және халық табысы өсімінің жоғары әлеуеті, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларды қалыптастырудағы және фискалдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі икемділігі пен тиімділігі болды. 

Moody's өндіруші, сондай-ақ, өңдеуші секторларда экономика өсімінің жоғары әлеуетін оң бағалап, 2020 жылы нақты сектор өсімінің оң қарқынын атап өтті.

Аталған факторлар пандемияның таралуына байланысты экономикалық күйзелістерге қарсы айтарлықтай әсер етті.

Аталған динамиканы ескере отырып, Moody's Қазақстан экономикасының кредиттік рейтингінің жоғарылау ықтималдығын атап өтеді. Қазақстанның кредиттік рейтингін арттыру үшін әлеуетті қалыптастыратын факторлар — институционалдық ортаны одан әрі реформалауға әзірлік, экономиканы одан әрі әртараптандыру, банк секторының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар болып табылады.

Бұдан бұрын, 15.02.2021, АКРА (РФ) Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі болжамды «терістен» «тұрақтыға» жақсарта отырып, Қазақстанның пандемияға дейінгі кредиттік рейтингтерін растады.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kreditnoe-agentstvo-moody-s-opublikovalo-kreditnoe-mnenie-po-ekonomike-kazakhstana/