• Мобильді үстемені жүктеу

Орталық Азия әлемнің инвестициялық картасында

Инвестициялар тарту және Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің бизнес ахуалын жақсарту мәселелері инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктердің Дүниежүзілік қауымдастығы (WAIPA) мен әзірбайжандық «AzPromo» агенттігі ұйымдастырған «Орталық Азия өңірін бірлесіп ілгерілетуді күшейту» онлайн-іс-шарасы шеңберінде талқыланды.

Онлайн-кездесуге WAIPA басшылары мен Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан инвестиция тарту агенттіктерінің басшылары қатысты. Пікірталас лейтмотиві экономикалық дағдарыс жағдайында инвестициялар тарту бойынша түрлі стратегияларды талқылау, сондай-ақ өңірдің инвестициялық тартымдылығын халықаралық аренада бірлесіп ілгерілету болды.

WAIPA Президенті Фахад Аль Гергави өз сөзінде рецессиямен және инвестициялық ағындар үшін бәсекелестіктің артуымен қатар жүретін ағымдағы экономикалық дағдарыс барысында инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктердің рөлі тек арта түсетінін атап өтті. Осыған байланысты, өңір елдеріне инвестициялар тарту бойынша стратегияларды күшейту мүмкіндігін қарастыру мүмкіндігі бар, ал тығыз халықаралық ынтымақтастық және өңірді инвестициялық бағыт ретінде ілгерілету шешуші мәнге ие болады.

«Әлемнің инвестициялық картасындағы Орталық Азия» тұсаукесері барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев: «Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ – бұл әлемдік инвестициялық қоғамдастықтың назарын көбірек тартатын, бірегей тарихы мен мәдениеті бар ежелгі өңір. Ірі шетелдік инвесторлар біздің өңірді транзиттік әлеует, нарық көлемі, инфрақұрылымды дамыту, адами капитал және қауіпсіздік тұрғысынан біртұтас өңір ретінде қарастыруда. Инвестициялық ахуалды жақсарту бүкіл өңірдің дамуы үшін мультипликативтік әсерге ие болады. Бұл 100 миллионнан астам адам. Осыған байланысты Еуразия орталығындағы стратегиялық жағдайды, бай табиғи және адами ресурстарды ескере отырып, біздің өңірдің әлемдік инвестициялық картаға бірыңғай жайғасымы үлкен мәнге ие болады».

Сонымен қатар, Орталық Азиядағы WAIPA өңірлік директоры және AZPROMO басшысы Юсиф Абдуллаев COVID-19 пандемиясының жаһандық экономикалық процестерге және әлемнің жекелеген өңірлеріне әсері, сондай-ақ жақын болашақта инвестициялар тарту саласындағы саясатты айқындайтын трендтер туралы айтып берді. Спикер Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдеріне жаңа тәсілдерді қалыптастыру және жаңа жағдайларды ескере отырып, инвестициялар тарту бойынша жаңа стратегияларды әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар ұлттық қана емес, өңірлік инвестициялық тартымдылықты ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, жалпы өңірді ілгерілету бойынша жұмысты одан әрі күшейту қажеттілігі жөнінде келісті.

Анықтама ретінде:

Инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктердің Дүниежүзілік қауымдастығы (WAIPA) 1995 жылы Женева қаласында (Швейцария) құрылды. Қазіргі уақытта 100-ден астам мүшені біріктіретін ұйымның штаб-пәтері Стамбул қаласында (Түркия) орналасқан. WAIPA-ның негізгі міндеттері инвестицияларды тарту жөніндегі агенттіктер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, мүше ұйымдарға инвестицияларды тарту мәселелері бойынша өз үкіметтеріне консультация беруге көмектесу, техникалық жәрдемдесу және оқыту, инвестициялық дерекқорларды нығайту және кеңейту, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану болып табылады.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/tsentralnaya-aziya-na-investitsionnoy-karte-mira/