• Мобильді үстемені жүктеу

KazakhInvest «СК-Фармация»-мен бірлесіп әлеуетті инвесторларға арналған INVESTMENTGUIDEBOOK жолнұсқасын дайындады

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ағымдағы жылдың 18 қарашасында өткен кездесуі барысында коронавирус пандемиясы жағдайында Қазақстанда экономикалық және инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру жөніндегі шаралар жан-жақты қаралды.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық фармацевтика саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Президент 2025 жылға қарай Қазақстан өз фармацевтикалық өндірісінің үлесін 50%-ға дейін арттыруды көздеп отырғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жергілікті нарықтағы отандық өндірушілердің үлесі құндық мәнде 17%-ды құрайды.

Бұдан басқа, медициналық жабдықтар мен шығыс материалдарының өндірісі белсенді дамитын болады. Бұл салалар инвестиция үшін ашық және баяндамада айтылғандай, мұндай жобалар мемлекет тарапынан толық қолдауға ие болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметі фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын қабылдады, оған сәйкес жеке фармацевтикалық өндіріс үлесін 50%-ға дейін арттыру және 30-дан астам ірі фармацевтикалық өндірісті іске қосу жоспарлануда.

ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында «СК-Фармация» KazakhInvest-пен бірлесіп әлеуетті инвесторларға арналған - INVESTMENTGUIDEBOOK жолнұсқасын дайындады. Жолнұсқаның міндеті - «бір терезе» қағидаты бойынша ірі дәрі-дәрмектер брендтері еліне қаптамадан бастап өндірістің толық цикліне дейін кіру алаңын қамтамасыз ету.

INVESTMENTGUIDEBOOK - бізде қолданылатын инвестициялық преференциялар туралы ақпарат беру және отандық, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Оның міндеті инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде инвесторларға қолдау көрсету, туындайтын мәселелерді уақтылы шешу, бір терезе қағидаты бойынша инвесторлардың мемлекетпен байланысуының бірыңғай нүктесін табу.

«Отандық өндірушілерден дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімдері» бөлімінде дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тәртібі, келісімшарт өндірісі бойынша сатып алу тәртібі, шарттар жасасу критерийлері және конкурстық комиссияның құрамы толық сипатталған.

«Емдік ДЗ және МБ тіркеудің мемлекеттік қызмет стандарты» бөлімі ДЗ және МБ мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оны тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу нұсқаулығын, сондай-ақ ДЗ және МБ-ды  сатып алу тізімдерін қалыптастыру тәртібін қамтиды.

Сондай-ақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, бағаларды реттеу мәселелерін, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаларын және тиісті фармацевтикалық практикаларды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің барлық тізбесі өзектендірілді.

Ақпараттық-талдау блогында Қазақстанның фармацевтикалық нарығының құрылымы және СК-Фармация жұмысының соңғы 10 жыл ішіндегі ұзақ мерзімді шарттары аясында сатып алуды талдау ұсынылған.

Әлеуетті инвесторлар үшін «Отандық өндірушілер мәлімдемеген, 2021 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютор тізімінің позицияларының тізбесі» пайдалы ақпарат болмақ.

Инвестициялық ахуалды қалыптастыру үшін барлық материалдар рәсімделіп, инвестициялық қоғамдастық үшін түсінікті форматта ұсынылды. Сондай-ақ, құжатқа «Бәйтерек» холдингінің, Qazindustry, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қаржылық және инвестициялық институттары түріндегі мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары енгізілген.

«Бәйтерек» холдингі ақпараттық блогында кредит беру құралдары / инвестициялық жоба бойынша кепілдіктер беру, Жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы аясында үлестік қаржыландыру, жабдықты сатып алу үшін лизингтік қаржыландыру және кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралдары және т. б. ұсынылған.

Инвестицияларды тарту және республиканың инвестициялық имиджін ілгерілету бойынша жұмысты үйлестіру жөніндегі бірыңғай орталықтың (АХҚО) құралдарына салық, визалық және еңбек артықшылықтарын ұсыну, сондай-ақ ағылшын құқығы қағидаты бойынша сот пен арбитраж кіреді.

INVESTMENT GUIDE BOOK-те ұсынылған барлық ақпарат ағылшын және қазақ тілдерінде ұсынылған және ҚР тиісті заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ескере отырып, тұрақты негізде жаңартылатын болады.

Анықтама ретінде:

«СК-Фармация» - дәрілердің бірыңғай дистрибьюторы. Компания тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырады. Сондай-ақ, компания дәрі-дәрмектерді сақтайды, мемлекеттік медициналық мекемелерге логистика процестерін ұйымдастырады. 2011 жылдан бастап «СҚ-Фармация» республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды, сондай-ақ одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына қаржы лизингі шарттарында беруді ұйымдастырушы болып отыр.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kazakh-invest-sovmestno-s-sk-farmatsiya-podgotovlen-putevoditel-dlya-potentsialnykh-investorov-inves/