• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанда шетелдік инвесторлардың жұмыс істеу ережелері қалай өзгерді?

«KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ Қазақстанға инвестициялауды жоспарлап отырған шетелдік инвесторлар үшін визалық режим және көші-қон заңнамасы мәселелері бойынша вебинар өткізді. «PWC Kazakhstan» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған онлайн-шараға ірі шетелдік компаниялардың 50-ге жуық өкілі қатысты.

KAZAKHINVEST Сервистік қолдау департаментінің өкілі Алмас Хамза өз сөзінде атап өткендей, инвесторлардың мәселелері негізінен инвесторлық, іскерлік, жұмыс визасын және бизнес-иммигранттың визасын алумен байланысты. Сондай-ақ, мәселелер еңбек рұқсатын алуға, тұруға ықтиярхат алуға, басым жобалар бойынша инвестициялық келісімшарт жасау аясында квоталар алуға және т. б. қатысты.

«Ағымдағы жылдың ортасынан бастап А5 санатындағы инвесторлық визаны алу рәсімі жеңілдетілді және шарттары жақсартылды. Инвесторлық визаға қолдаухат алуға құжаттарға өтінімді egov.kz. порталы арқылы электрондық түрде беру енгізілді. Өтінімді портал арқылы қарау және беру мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды. Қазіргі уақытта көп мәртелі инвесторлық виза 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі, ал оның иелері еңбек рұқсатын алу қажеттілігінен босатылады.

Өзгерістер бизнес-иммигранттың визасына да әсерін тигізді. Қазіргі уақытта виза қабылдаушы тараптың шақыру хаты негізінде беріледі. Көші-қон қызметінде шақыру хатты қарау және келісу мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды. Шетелдік мекемеде визаны ресімдеу және беру мерзімі өтініш берген сәттен бастап орта есеппен 5 жұмыс күнін құрайды», - деп атап өтті Алмас Хамза.

Сонымен қатар, KAZAKHINVEST-тің ҚХР-дағы шетелдік өкілдігінің басшысы Қуаныш Амантай ҚР инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін «жұмсақ» инфрақұрылым құрылған. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау жүйесі бар, сондай-ақ ЕЭА аумағында жобаны іске асыру кезінде бірқатар преференцияларға ие болуға болады. Дауларды шешу үшін ағылшын құқығы негізінде әрекет ететін сот режимі құрылды, проблемалық мәселелер ҚР Премьер-Министрі болып табылатын инвестициялық омбудсменнің қарауына шығарылады», - деп хабарлады Қуаныш Амантай.

Іс-шара аясында сұрақтар мен жауаптардың интерактивті сессиясы ұйымдастырылды. Сессия аясында инвесторлар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

Айта кететін жағдай, жыл басынан бері «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ инвесторларға визалық және көші-қон мәселелері бойынша 130-дан астам консультация өткізді. Сонымен қатар, шетелдіктердің 112 өтініші өңделіп, олардың 98%-ы инвесторлардың пайдасына шешілді. Сондай-ақ, 7 проблемалық мәселе шешілді.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/kak-izmenilis-pravila-raboty-inostrannykh-investorov-v-kazakhstane/