ҚР-да «жасыл» технологияларды енгізуге қытайлық инвесторлар $80 млн бөледі
Қытайлық инвесторлар Қазақстанға «жасыл» технологияларды енгізуге 80 миллион доллар бөледі деп хабарлайды,- «Хабар 24» тілшісі.
Ақша шағын және орта бизнеске арналған. Бұл қаражатқа кәсіпкерлер ластаушы заттар шығарындыларын азайту арқылы өз өндірістерін жаңғырта алады. Бұл туралы «жасыл» экономика мәселелеріне арналған халықаралық конференцияда айтылды. Сонымен қатар, бүгінде отандық бизнеске басқа да қаржы институттары осы бағытта қаржылай қолдау көрсетуге дайын. Сонымен бір мезгілде республикада мұнай-газ және металлургия секторларының ірі компанияларын жаңғыртуды бастау көзделіп отыр. Келесі жылдың ортасына қарай осы кәсіпорындардың ағымдағы жағдайы туралы толық есептер жарияланады. Алынған мәліметтер негізінде «жасыл» экономикаға көшу басталады.
Серік Нүркенов, халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы бюросының бас сарапшысы:
- Бұл жазалау механизмі емес, ынталандырушы. Кәсіпорындар белгілі бір тәжірибені енгізу немесе жағдайын жақсарту арқылы өз кәсіпорындарын, жабдықтарын жетілдіріп, жаңғырта алады. Ең бастысы-қоршаған ортаға теріс әсерді азайту.