• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан-Аустрия Іскерлік кеңесінің отырысы 2020

Ағымдағы жылдың 28 қазанында онлайн форматта екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің (бұдан әрі –ҚАІК) отырысы болып өтті.

Отырыс жұмысына Австрия федералды экономика палатасының Вице-президенті, ҚАІК тең төрағасы - Р.Шенц, Аустрия Елшілігінің Сауда кеңесшісі – К. Махаль, Қазақстан машина жасаушылар одағының Басқарма Төрағасы, ҚАІК тең төрағасы – М. Пішембаев, Аустрия Республикасының Қазақстандағы елшісі – В. Кемпель, Аустрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі – К. Умаров, «Kazakh Invest» ҰК АҚ Басқарушы директоры - Ж.Темірғали, Индустрия және жабдықтар саласындағы жобалық менеджері – Э.Савойе, «КИРП» ЖШС директоры – М. Ыдырысов қатысты.

Отырыс барысында екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.

Соңғы жылдары Қазақстан-Аустрия ынтымақтастығы оң динамиканы көрсетуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда аустриялық капиталдың қатысуымен 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан экономикасына 15 жыл ішінде салынған аустриялық инвестициялар көлемі 5,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

Отырыс аясында машина жасау, цифрландыру, энергия тиімділігі, жасыл экономика, агроөнеркәсіптік кешен және өзара сауданы кеңейту салаларындағы ынтымақтастық тақырыптары талқыланды. Машина жасау саласы өкілдерінің Қазақстан мен Аустрияда өткізілетін екіжақты іс-шараларға өзара қатысу тәжірибесіне оң баға берілді. Атап айтқанда, аустриялық өкілдер 2020 жылғы 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан машина жасаушыларының 8-ші форумынабелсенді қатысты.

Қазақстан машина жасаушылар одағының Басқарма Төрағасы М.Пішембаев екі ел бизнесінің кооперациясын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Аустрияның Экономикалық палатасының Вице-президенті Р. Шенц Қазақстан Аустрияның аймақтағы басым серіктесі болып табылатынын және аустриялық фирмалар ел экономикасына инвестиция салуға дайын екенін атап өтті.

Қазақстан тарапынан елге озық австриялық технологияларды тартудың және кадрлық әлеуетті дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 2021 жылға арналған Іс-шаралар жоспарына қол қойды. Бұл құжат экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ, кездесу аясында іскерлік топтардың өкілдері сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету, екі ел компаниялары арасында тікелей байланыстар орнату шарттары мен мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алды.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/zasedanie-kazakhstansko-avstriyskogo-delovogo-soveta-2020-/