«Жасыл» экономика және ОҚТ принциптеріне көшу мәселелері жөнінде Халықаралық конференция
2020 жылғы 11 қарашада «жасыл» экономика және ОҚТ принциптеріне көшу мәселелері жөнінде Халықаралық конференция (бұдан әрі – Конференция) өткізіледі.
Конференцияның негізгі мақсаты - «жасыл» экономика және ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу мәселелерін талқылау бойынша ашық және конструктивтік диалог үшін тиімді коммуникативтік алаң құру, Қазақстанда ОҚТ және «жасыл" технологиялар саласындағы жергілікті әлеуетті арттыру, көпжақты ынтымақтастықты дамыту.
Қазақстан «Жасыл көпір» Серіктестік Бағдарламасының бастамашысы және ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушысы ретінде барлық «жасыл» бастамаларды қолдайды және оларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Орталық ЭКСПО-2017 көрмесінің мұрасын жалғастыруға және әлемдік қоғамдастықтың жаһандық «жасыл» бастамаларын топтастыра отырып, «жасыл» жобалардың хабы болуға, оның ішінде халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасында ең озық қолжетімді технологияларды ілгерілету және енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуге бағытталған.
Конференция жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың бірінші басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Еуропалық одақ, Еуразиялық экономикалық одақ және ЭЫДҰ елдерінің жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылары қатысады.
Конференцияны өткізу форматы – «Zoom» платформасы арқылы қашықтағы қатысушылар мен шетелдік спикерлерді онлайн қосу мүмкіндігімен көзбе-көз өткізу.