Қазақстан мен Украина инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады
Киевте қазақстандық-украиналық инвестициялық форумы өтті. ҚР СІМ баспасөз қызметі. компаниялар бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі, ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитеті, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан мен Украинаның бизнес, мемлекеттік, аймақтық билік органдары, кәсіпкерлер мен инвестициялық компаниялар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі, Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары, Украина және Қазақстан СӨП Президенті және Украинаның шағын және орта кәсіпорындарының басшылары баяндама жасады.
KAZAKH INVEST Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев өз сөзінде бұл іс-шараның инвестициялық және сауда-экономикалық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және дамытуға үлкен көңіл бөлінетіндіктің куәсі екендігін атап өтті.
«Біздің ұйым инвесторларға толық қызмет көрсете отырып, инвестициялық қызметке қолдау көрсету бойынша бірыңғай ұлттық оператор болып табылады. KAZAKH INVEST тұрақты негізде инвесторлар үшін тартымды әлеуетті тауашалар мен жобаларды таба отырып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне талдау жасаумен айналысады. Бүгінгі таңда біз әлеуетті инвесторларға түрлі салалардағы нақты жобаларды ұсынуға, сондай-ақ оларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз. Атап айтқанда, біз АӨК, ТМК, мұнай-газ химиясы, машина жасау және басқа да салаларда жобаларды іске асырудың 100-ден астам инвестициялық ұсынысын дайындадық. Украиналық бизнеспен нақты инвестициялық ұсыныстармен бөлісуге қуаныштымыз», - деп атап өтті Біржан Қанешев. Өз кезегінде Украина СӨП Президенті Геннадий Чижиков сауда-өнеркәсіп палатасының екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен құралдарын жасауға белсенді қатысып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 2020 жылдың алғашқы айының қорытындылары бойынша екі ел арасындағы өзара сауданың 13%-ға өскені атап өтілді. Бірлескен кәсіпорындар саны да өсуде.
«Біздің елдеріміз арасындағы қалыпты сауда уақыты өтті. Бүгінгі таңда бізге кооперация мен бірлескен кәсіпорындар құруға назар аудару қажет. Дәл осындай ынтымақтастық стратегиясы екі ел үшін аса тиімді болмақ. Украина мен Қазақстан арасында құқықтық база құрылған - қазір реттелмейтін сала жоқ. Оны тиімді пайдалануымыз қажет», - деп хабарлады Геннадий Чижиков.
Іс-шараны өткізудің мақсаты - Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымын арттыру, Украинадан Қазақстанға және Азияның басқа елдеріне тауарлар жеткізу үшін көлік-логистикалық инфрақұрылымды оңтайландыру, сондай-ақ кері бағытта Қазақстан мен Украина нарығына прогрессивті технологиялар мен инвестицияларды жеткізу, өзара тиімді келісімдерге қол жеткізу, іскерлік байланыстарды жолға қою, сондай-ақ проблемалық мәселелерді талдау болып табылады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша «Брацлав» ЖШҚ, «ПКФ Дрогобычский автомобиль крандары зауыты» ЖШҚ, «Montajat Pharmaceuticals», «Украина аграрлық техникасы» ЖШҚ және «Clear Energy» ЖШҚ украиналық компанияларымен бірқатар B2B кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, ЖЭК, фармацевтика, АӨК және машина жасау салаларындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
Анықтама ретінде: 2005-2019 жылдары украин бизнесмендері Қазақстанға 148,5 млн. доллар тікелей инвестиция салған. Бүгінгі таңда Қазақстанда Украина капиталының қатысуымен 1 399 компания тіркелген, олардың 935-і белсенді жұмыс істейді.