ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті
Премьер-Министр РК Аскар Мамин в рамках рабочей поездки в г. Абу-Даби провел переговоры с заместителем Премьер-Министра, министром по делам Президента Объединенных Арабских Эмиратов (ОАЭ) шейхом Мансуром бен Заид Аль Нахаяном, сообщает primeminist.er.kz.
Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистика, агроөнеркәсіп, мұнай-химия, ғарыш, тау-кен металлургиясы, энергетика және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Келіссөз қорытындылары бойынша ҚР мен БАӘ үкіметтері арасында $6,1 млрд-қа 21 жобаны жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойылды.
Инвестициялық жобалар қосылған құны мен тиімділігі жоғары, сондай-ақ ішкі және келешекке арналған сыртқы нарықтарда сұраныстың үлкен әлеуеті бар жаңа өндірістер құруды көздейді. Оларды іске асыру Қазақстанда жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға, озық технологиялар мен практиканы енгізуге мүмкіндік береді.
ҚР мен БАӘ аграрлық өнеркәсіп кешені секторындағы ынтымақтастық әлеуетін іске асыруға ерекше назар аударады – жоспарланған 21 жобаның 10-ы қосылған құны жоғары азық-түлік өнімдері өндірісін іске қосуды көздейді. Бұл Қазақстанға БАӘ жүзеге асырып жатқан 2051 жылға дейінгі Азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясының маңызды буынына айналуға жол ашады және екі ел арасындағы тауар айналымын одан әрі арттыруға ықпал ететін болады.
Жұмыс сапарында ұлттық экономика министрі - Р. Дәленов, әділет министрі - М. Бекетаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі - А. Кульгинов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Ж. Мәдиев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы А. Әріпханов және т. б. қатысты.
https://24.kz/ru/news/economyc/item/428911-kazakhstan-i-oae-soglasovali-investproekty-na-6-1-mlrd