• Мобильді үстемені жүктеу

Нұр-Сұлтанда БЖК бойынша гранттар алуға 500 артық өтінім келіп түсті

Астанада «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттарды алуға өтініштерді қабылдау аяқталды. Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі басқармасының деректері бойынша, үміткерлерден 500 артық өтінім келіп түсті.

«Қазір осы өтінімдер қарастырылуда. Оларды құжаттардың толық тізімінің болуына, бағдарламаның өлшемшарттары мен талаптарына сәйкестікке тексерудеміз. Барлық талаптарға жауап беретін ізденушілерге жобаны қорғау үшін бейнематериал дайындау қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі», – деп хабарлады астаналық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі басқарманың кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы Әділет Тілепов.

Карантинге байланысты бизнес-жобаларды қорғау онлайн-тәртіпте өтеді. Байқаудың қатысушылары бизнес-идеялар жайлы бейнебаян арқылы айтып беруі тиіс. Бүкіл процесс әлеуметтік желілерде көрсетілетін болады.

«Биыл БЖК бойынша 200 млн. теңгеге гранттар бөлу жоспарлануда. Одан бөлек жастар, яғни, 30 жасқа жетпеген үміткерлер үшін 60 млн теңге қарастырылған. Гранттардың мөлшері 2 бастап 5 млн теңгеге дейін белгіленген», – деп түйіндеді Әділет Тілепов.

Биыл бағдарламаға қызығушылықтың жоғары екенін атап кеткен жөн. Бұл себепті өтінімдерді қабылдау бір аптаға ұзартылады.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы Қазақстанда 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның бағыттарының біріне әкімдіктер жетекшілік етеді. Жергілікті атқарушы органдар бизнеске гранттар және инфрақұрылымдық сүйемелдеу арқылы қолдау көрсетеді. Гранттар алуға байқауға әрекет етуші кәсіпкерлер де, өз ісін ашуды қалайтын қазақстандықтар, оның ішінде, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі адамдар және жасы 50 асқан адамдар да қатыса алады. Ақша өтеусіз ұсынылады.

https://24.kz/ru/news/economyc/item/418364-na-poluchenie-grantov-po-dkb-v-nur-sultane-postupilo-bolee-500-zayavok