• Мобильді үстемені жүктеу

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысына алғашқы 500 миллион теңге бөлінді

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысына алғашқы 500 миллион теңге Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен бөлінді,- деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Болашақта өткел шығыс аймағының 6 аграрлық ауданын көлік логистикасымен қамтамасыз етеді. Көпірдің ашылуымен жол жүру уақыты 500 шақырымға қысқарады.

Автомобиль көпірінің ұзындығы 1300 метрді құрайды. Жұмыстың қомақты бөлігі республикалық қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.

Соңғы құны 30 миллиардтан асатын жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Жапония, Түркия және Қытай компаниялары үлкен құрылыс алаңына қызығушылық таныта бастады.

Нұрбек Тұраров, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

- Биылғы жылы, құрылысты жүзеге асырудың бас кезінде біз республикалық бюджеттен қаражат сұрадық, 5 млрд теңгеге бюджеттік өтінім бердік. Облыстық бюджеттен 500 миллион теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдер жүргізілуде.


https://24.kz/ru/news/economyc/item/416369-pervye-500-mln-tenge-vydeleny-na-stroitelstvo-mosta-cherez-bukhtarminskoe-vodokhranilishche