• Мобильді үстемені жүктеу

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 11-1-4/179 бұйрығымен Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары бекітілді, осыған сәйкес инвестор инвестициялық келісімшартты online жасай алады. Преференциялар түріне байланысты келісімшарт аясында заттай грант, кедендік преференциялар және салықтық жеңілдіктер түрінде инвестициялық қолдаулар жүзеге асырылатын болады.

«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет жасасудың екі тәсілі қарастырылған, коммерциялық емес акционерлік қоғам «Мемлекеттік корпорация «Азаматтар үшін үкімет» және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz).

Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу үшін қызмет алушы аталған қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілінде инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім тапсырады.

Қосымшамен бірге өтінім, мүдделі ұйымдармен (ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және бсқалар).