• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанда сирек металдар өндірісін дамытуға инвестор $100 млн-нан астам қаржы салады

«ДИНАТРОН» Компаниялар тобының ресейлік инвесторлары 2024 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский кентіндегі Ертіс химия-металлургия зауытын жаңғыртуға $100 млн. салмақ. Бүгінгі күні кәсіпорынды жаңғыртуға $10 млн-нан астам қаржы салынды. Жобаны «Kazakh Invest» ҰК» АҚ сүйемелдейді.

Инвестордың айтуынша, жекелеген учаскелерді қайта құру жұмыстары аяқталып, сирек кездесетін металдарды – титан мен ниобийді терең өңдеу процесін ұйымдастыру және өндірісті жетілдіру жұмыстары жүргізілді.

«Эскпортқа 20 тонна жоғары сапалы таза титан өндірілді және жөнелтілуге дайын. Жапониямен және Еуропа елдерімен экспорттық келісімшарттар бар. Жоғары таза ниобий төрт құймасының бірінші экспорты РФ-на жіберілді. Титан және ниобий құймаларын шығарудан басқа, бізде тағы үш цех салу жоспарда бар – соғу, табақ илемдеу, онда титан, цирконий, ниобийден жасалған жұқа (қалыңдығы 0,3-0,7 мм және ені 1 м) табақтарды шығаратын боламыз. Және құбыр илемдеу цехы, онда диаметрі 10-15 мм, қабырғасының қалыңдығы 0,5 мм титан, цирконий, ниобийден жасалған құбырлар шығару жоспарланған»- деп хабарлады «ДИНАТРОН» Компаниялар тобының президенті Виктор Попов.

Инвестор чехиялық ALTA компаниясымен бірге жұмыс істеп келеді, ол зауытты жаңғыртудың келесі кезеңдері үшін бірегей жабдықтарды жеткізеді. CSOB чех банкінен бүкіл жобаға қаржыландыруды тарту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Kazakh Invest бірегей кәсіпорынды дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетуде. Бұл жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер тигізеді және Қазақстанда сирек металдар өндірісін дамытуға елеулі үлес қоспақ. Бүгінгі таңда біз инвестормен және уәкілетті органдармен бірлесіп, жоба үшін шикізат базасын дайындау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Kazakh Invest тау-кен металлургия кешені саласындағы жоба жетекшісі Диляра Тектигулова.

Өндірілетін өнімнің сапасын бақылауды жақсарту үшін инвестор зертхананы заманауи техникамен – соңғы үлгідегі газ талдауышымен және спектрометрмен жабдықтады. Қазіргі уақытта өндірісте 50-ге жуық адам жұмыс істейді, өндірісті толық іске қосқаннан кейін 150 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/bolee-100-mln-vlozhit-investor-v-razvitie-proizvodstva-redkikh-metallov-v-kazakhstane/