• Мобильді үстемені жүктеу

Роман Скляр германиялық компаниялармен ауылшаруашылығындағы ынтымақтасты дамыту мәселелерін талқылады

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Берлин Еуразиялық клубының 29-отырысында германдық бизнес өкілдерімен ауылшаруашылығындағы екіжақты ынтымақтастық және Қазақстанның АӨК-ге неміс инвестицияларын тарту  мәселелерін талқылады.

Бейнеконференц байланысқа екі елдің 70-тен астам үкімет және іскери өкілдері қатысты.

Кездесуге Германия экономикасының Шығыс комитеті Төралқасының төрағасы Оливер Гермес,  Германия экономикасының Шығыс комитетінің бас басқарушы директоры Михаэль Хармс, ГФР Азық-түлік және ауыл шарушылығы федералдық министрлігінің статс-хатшысы Уве Файлер, екі тараптың салалық министрліктерінің басшылығы қатысты.

Роман Скляр стратегиялық инвесторлармен жұмыс күшейтілгенін, бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев анықтап берген басымдық екенін және Үкімет елімізде бірлескен жобаларды табысты іске асыру үшін германдық бизнеске қолдау көрсететінін атап өтті. Бұл ретте, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету неғұрлым өзекті болып отыр және ауыл шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты.

Қазақстан агросаладағы жобаларды іске асыру үшін неміс инвесторларына жеке қолдау шараларын көрсетуге дайын. Осы мақсатта бірлескен инвестициялық жобаларды жедел және құқықтық тұрғыдан іске асыратын Үкіметтік жұмыс тобы қызмет етеді.

Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Алмас Айдаров АӨК инвестиция үшін тартымды сектор болып табылатынын, әлеуетті серіктестерге субсидиялар, жеңілдетілген несиелер берілетінін, арнайы салық салу режимі қолданылатынын хабарлады.

Өз кезегінде, Оливер Гермес Германия біздің елімізбен өзара қарым-қатынасты сыртқы экономикалық қызметтегі басым бағыттардың бірін бұрыңғыдай қарастыратынын және неміс бизнесі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. Ал Уве Файлер Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына және ауылшаруашылығы өніміне оң баға берді. Бұл екі елдің стратегиялық ықпалдастығын қолдау үшін инвестициялық тартымдылықты күшейтеді.

https://24.kz/ru/news/economyc/item/404913-roman-sklyar-obsudil-s-germanskimi-kompaniyami-razvitie-sotrudnichestva-v-selskom-khozyajstve