• Мобильді үстемені жүктеу

Экология министрлігі геологиялық барлау саласына инвестиция тарту стратегиясын әзірлеуде

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еліміздің геологиялық барлау саласына шетелдің ірі инвесторларын тарту бойынша маркетингтік стратегияны және road-show әзірлейді. Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

Министрдің мәліметтері бойынша бүгінгі күні Қазақстанда алынатын жалпы көмірсутегі ресурстары 76,4 млрд.тонна мұнай баламасына бағаланады, зерттеп-зерделеуді қажет ететін 15 шөгінді бассейн бар.

Мағзұм Мырзағалиев «Әлеуеті тың зерттеулерді қажет ететін жаңашылдықтар саласына инвестиция тарту мәселесі еліміздің геологиялық барлауындағы стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады», - жазды.

Министр инвесторларды тарту және еліміздің инвестициялық, геологиялық әлеуетін көрсету мақсатында тиімді стратегияларды өңдеу және тәуелсіз аналитика көшбасшысы болып табылатын HIS Markit компаниясымен бірге еліміздің геологиялық барлау саласына шетелдің ірі инвесторларын тарту бойынша маркетингтік стратегияны өңдеу, әлемнің басты елдерінде road-show ұйымдастыру мәселелерін талқылап жатырмыз», - деп хабарлады.

Экология министрлігі басшысының айтуынша, инвестиция тарту заманауи технологияларды пайдаланып, кешенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

«Бұл бізге бүкіл аумақтағы бассейндердің барынша тереңдігінің геологиялық құрылымын нақты анықтап қана қоймай, жеке әлеуетіне анағұрлым жан-жақты баға беруге, жаңа кен орындары мен жаңа көкжиектерді ашуға, сонымен бірге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

https://kapital.kz/economic/88026/ministerstvo-ekologii-gotovit-strategiyu-privlecheniya-investitsiy-v-geologorazvedku.html