• Мобильді үстемені жүктеу

Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 18-ші отырысы

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.А. Айдаров пен ҚХР Реформалар және даму жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Н. Цзичженің төрағалығымен индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 18-ші отырысы болып өтті.

Отырыста инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Олардың табысты жүзеге асуына көмек көрсету және туындаған мәселелерді шешу жөнінде пікір алмасу болып өтті.

Жүк тасымалы мен шекарадан өтуге байланысты мәселелерді жедел шешу, сондай-ақ жобаларды аяқтау үшін қажетті жабдықтарды уақтылы жеткізу бойынша нақты шаралар келісілді. Тараптар түрлі салаларда жалпы сомасы $576 млн-ға 7 бірлескен инвестициялық жобаны аяқтау жөнінде жоспарларды растады. Осы жобалар іске қосылғаннан кейін 647 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, COVID-19 коронавирустық инфекциясы пандемиясына қарсы күрес шаралары қарастырылды.

Тараптар жаhандық пандемиямен күрес аясында гуманитарлық көмек көрсеткені үшін өзара алғыстарын білдірді. Екі ел аумағында эпидемия деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың тиімділігі атап өтілді. Сондай-ақ, қытай тарапы қажет болған жағдайда қосымша көмек көрсетуге дайын екендігін растады.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/18-oe-zasedanie-kazakhstansko-kitayskoy-komissii-po-sotrudnichestvu-v-oblasti-industrializatsii-i-in/