• Мобильді үстемені жүктеу

Алдағы кезеңдегі басым міндет экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру болмақ - А. Мамин

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы қаңтар-сәуір айларында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы жөнінде мәселелер қаралды,- деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұлттық экономика министрі Р. Даленов, Ұлттық Банктің төрағасы Е.Досаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі А.Смаилов, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Б.Атамқұлов және сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, сондай-ақ энергетика министрі Н. Ноғаев экономиканың, банк секторының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы және экономика салаларының дамуы туралы баяндады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында ЖІӨ 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді. Сауда және көлік секторы сәйкесінше 8,9%-ға және 11%-ға төмендеп, кері динамиканы көрсетті. Сонымен бірге, өңдеу өнеркәсібінде өсім 7%-ды, машина жасау - 25,4%-ды, жеңіл өнеркәсіп - 13,9%-ды, фармацевтика - 24,2%-ды, сонымен қатар тау-кен өндіру саласы - 6%-ды, құрылыс - 5,5%-ды, байланыс қызметі - 9,6%-ды, ауыл шаруашылығы - 2,2%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ға өсті. Алтын-валюта резервтері $30,5 млрд., Ұлттық қордың активтері $58,5 млрд құрады.

Үкімет басшысы төтенше жағдайдың алынуына және карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты қызмет көрсету секторы қалпына келтіріле бастауы тиіс екенін атап өтті. Бұған салықтық жеңілдіктер, жеңілдетілген несині қамтамасыз ету, отандық тауарларды кепілдендірілген сату механизмдерінің көмегімен ішкі өндіріске қолдау көрсету арқылы мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары ықпал етеді.

Үкімет «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтармен бірлесіп, іскерлік белсенділікті ынталандыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың табысын қолдау жөніндегі шараларды талқылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген шаралардың негізінде ағымдағы жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі Кешенді жоспар құрылды. Аталған жоспар Үкіметтің келесі отырысында қаралатын болады.

Премьер-Министр қызмет көрсету секторын қалпына келтіру жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

«Жалпы, алдағы кезеңдегі басым міндет экономиканың өзін өзі толыққанды қамтамасыз етуін арттыруға, бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға, тиімді инвестициялар мен қосылған құнның өңірлік және жаһандық тізбегіне кірігуіне негізделген жаңа экономикалық құрылымды қалыптастыру», - деп түйіндеді А. Мамин.


 https://24.kz/ru/news/economyc/item/395103-prioritetnoj-zadachej-na-predstoyashchij-period-stanet-formirovanie-novoj-struktury-ekonomiki-a-mamin