• Мобильді үстемені жүктеу

БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстандағы «жасыл» жобаларды субсидиялайды

Қазақстандағы шағын және орта бизнес энергия үнемдейтін технологияларды дамытуға және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша жобаларды жүзеге асыруға қаражат ала алады. БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Ғаламдық экологиялық қордың (ҒЭҚ) қаржылық қолдауымен елімізде тиісті қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асырмақшы.

Қазіргі уақытта БҰҰДБ Энергетика министрлігімен, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, келесі бастамаларды жүзеге асыратын болады: төмен көміртекті қалаларды дамыту және ЖЭК шағын жобаларын жүзеге асыру.

Алғашқы бастама аясында жылумен қамтамасыз ету, сумен қамту және су тарту, қоғамдық және тұрғын көппәтерлі ғимараттар, көше және ішкі жарықтандыру жүйелерінде және т.б. тәрізді салаларда іске асырылуы энергия үнемдеуге әкелетін жобалары бар бизнес өкілдеріне қаржылық қолдау тетіктері қарастырылған. Қатысушыларға несие мөлшерлемесін 10% төмендету, несиенің негізгі борышын инвестициялық субсидия түрінде 40%-ға дейін есептен шығару, сондай-ақ «Даму» КДҚ» АҚ арқылы екінші деңгейлі банктерден несие алу үшін кепілдік ұсыну арқылы кепілдік қаржыландырудың тиімді шарттары ұсынылады.

Шағын көлемдегі ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша бастамаға келетін болсақ, шағын және орта бизнес өкілдері қаржылық қолдауды қызмет түрі мен орналасқан жері бойынша шектеусіз ала алады. Осы жобаға қатысушылар төмендетілген банктік пайыздық мөлшерлемесімен және 25% дейінгі инвестициялық субсидияға сенуіне болады.

БҰҰДБ атап өткендей, іске асырылған жобалардың нәтижелері көрсеткендей, 1 теңге қаржылай қолдау 6 теңге инвестицияны тартады және коммуналдық шығындарды 30-40%-ға үнемдейді. Осылайша, бизнес экономикалық жағынан тиімді және сонымен бірге парниктік газдардың шығарындыларын азайтады, сонымен қоса қоршаған ортаның жақсаруына ықпал етеді.

Айта кететін жағдай, 28 сәуірде сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өткізілетін онлайн семинар аясында БҰҰДБ қаржыландыру бағдарламасы туралы жан-жақты айтылады деп жоспарлануда.

Үш сағаттық бағдарлама барысында «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ өкілдерінің Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері жобаларын мемлекеттік қолдау шаралары туралы, энергия тиімділігін қолдаудың қаржы құралдары туралы БҰҰДБ сарапшылары, қаржы сарапшылары, сондай-ақ энергия үнемдеу жүйелерін сәтті енгізген бизнес-қауымдастық өкілдерінің баяндамалары жоспарланған.

Онлайн іс-шараға қатысу үшін AppStore немесе PlayMarket-тен «ZOOM» қосымшасын жүктесеңіз жеткілікті, содан кейін төмендегі сілтемені басыңыз.

Конференцияға қатысу сілтемесі:

https://undp.zoom.us/j/94260242581pwd=dk1MZUJBaTFyV2VydGRwT2hSSEdOQT09

Пароль: 029062

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/programma-razvitiya-oon-subsidiruet-zelenye-proekty-v-kazakhstane/