• Мобильді үстемені жүктеу

Роман Скляр германиялық бизнес өкілдерімен веб-конференция өткізді

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен 50-ден астам неміс компаниялары басшыларының қатысуымен бейнеконференция өтті.

Іс-шараға екі елдің елшілері, Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры М. Хармс, Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Х. Восканян және Қазақстан Республикасының салалық министрліктері басшыларының орынбасарлары қатысты.

Роман Скляр бизнесмендерге COVID-19 пандемиясымен байланысты қиындықтарға қарамастан, серіктестік қатынастарды сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді, келешекте өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға сенім білдіріп, қазақстандық тараптың инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

«Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Германияның Федералды канцлері Ангела Меркель ханымның деңгейінде 2019 жылы, сондай-ақ, 2020 жылдың басында қазақстандық делегацияның Германияға жасаған басқа да ресми сапарлары барысында қол жеткізілген барлық келісімдердің орындалуы үшін сенім білдіреміз»,- деді Роман Скляр бизнесмендермен әңгімеде.

Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Айдаров жалпы құны $3,7 млрд  болатын 51 бірлескен инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы баяндады.

Өз кезегінде, германиялық бизнес өкілдері инвестицияларды жалғастыру және коронавирус пандемиясына қарамастан, Қазақстанмен экономикалық байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қолдау бойынша бұрын-соңды болмаған шараларды ескере отырып, күн тәртібіндегі бірлескен өзекті жобаларды аяқтауға сенім білдірді. Тараптар бұған дейінгі қол жеткізілген келісімдерге шынайы берілгендігін танытып, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/roman-sklyar-germaniyany-biznesi-kilderimen-veb-konferentsiya-tkizdi/