• Мобильді үстемені жүктеу

2020 жылғы бірінші тоқсандағы Қазақстан экономикасының өсуі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішіндегі республикалық бюджеттің орындалуы жөнінде мәселелер қаралды.

Ұлттық экономика министрі Р. Даленов, Ұлттық Банктің төрағасы Е.Досаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі А.Смаилов, экономиканың, банк саласының жағдайы туралы, республикалық бюджеттің орындалуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниясының көрсеткіштері туралы Қордың басқарма төрағасы А. Есімов есеп берді, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Б. Атамқұлов және энергетика министрі Н. Ноғаев өнеркәсіптегі және энергетикалық сектордағы жағдайлар туралы, Қостанай, Алматы және Ақтөбе облыстарының әкімдері А. Мухамбетов, А. Баталов және О. Уразалин аймақтардың дамуы жөнінде баяндады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өсімі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1%-ға өсті. Алтын-валюта резервтері 30 миллиард долларға, Ұлттық қордың активтері 57,5 миллиард долларға жетті.

Жалпы алғанда, еліміздің негізгі салалары оң динамиканы көрсетіп отыр. Кен өндіру саласындағы өсім 5%-ды, өңдеу саласында - 8,8%-ды, құрылыста - 11,7%-ды, машина жасауда - 30,4%-ды құрады. Сонымен бірге, пандемияға байланысты шектеулердің салдары біртіндеп пайда бола бастады - ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сауда өсімі 1%-ды, қаржы және сақтандыру салаларында 0,7%-ды құрады, ал көлік секторы 1,3%-ға төмендеп, теріс динамиканы көрсетті.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында негізгі көрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуда озық қарқынға, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында орташа республикалық мәндерге қол жеткізілді, Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында республикалық деңгейден төмен көрсеткіштер байқалды.

Үкімет басшысы орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларына бюджет қаражатын уақтылы және сапалы игеруді, оның ішінде оларды экономиканың нақты секторларына жеткізуді бақылауда ұстауды тапсырды.

Премьер-Министр әлемдік және аймақтық экономикадағы ағымда болып жатқан сын-тегеуріндерге жауап ретінде Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар кешенін қабылдағанын және жүзеге асырылып жатқандығын - Жұмыспен қамтудың жол картасы бекітілгенін, құрылысты кеңейту жөнінде бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемінің артқандығын, шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін салықтық жеңілдіктер енгізілгендігін, «Қарапайым заттар экономикасында» жеңілдетілген несиелер бағдарламасының кеңейтілгендігін атап айтты.

«Барлық қажетті шаралар қабылданды, енді аймақтарда жұмыс қарқынды жүргізілуі тиіс. Мұның бәрі мемлекеттік органдар жұмысының бірізділігі мен тиімділігіне байланысты», - деді А. Мамин, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, аймақтарда дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/rost-ekonomiki-kazakhstana-za-pervyy-kvartal-2020-goda/