KAZAKH INVEST және Еуропалық бизнес Қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Еуропалық бизнестің 30 астам өкілі еуропалық бизнес-қауымдастықпен ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстелге қатысты. ҚР Сыртқы істер министрлігінің алаңында Ресей мен Еуразиялық экономикалық одақтағы инвестициялық жобаларды дамытатын ірі халықаралық компаниялар, инвестиция тарту жөніндегі сарапшылар, инвестициялық компаниялар, қаржы институттары, кредиттік ұйымдар өкілдері кездесті.
Дөңгелек үстел аясында ҚР Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров, Еуропалық бизнес Қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік секторының басшылары баяндама жасады.
Дөңгелек үстел бағдарламасының маңызды бөлігі - Қазақстан аймақтарының инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған «Аймақтардың Роуд-шоуы: Қазақстан мен арнайы экономикалық аймақтардың мүмкіндіктері» сессиясы болды. Сондай-ақ өз қызметі тұралы KAZAKH INVEST, «Самұрық-Қазына Инвест», Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company, «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының және басқалардың өкілдері мәлімдеп берді.
Іс - шара барысында республиканың инвестициялық мүмкіндіктерін жариялаудан басқа, ірі инвесторлармен, ЕАЭО аумағындағы шетелдік инвесторлардың ірі өкілдігі-Еуропалық Бизнес Қауымдастығының трансұлттық компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және қазақстандық және еуропалық бизнес арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі нақты қадамдарды талқылады.
ЕБҚ делегациясының құрамына ірі еуропалық компаниялардың басшылары, оның ішінде: BASF, BNP Paribas, CMS, Coleman Services UK, Creon Capital, Deloitte & Touche CIS, Kesarev, Merck, Messe Frankfurt Rus, Mitsubishi Electric, Schneider Electric, Siemens Russia және т. б. кіргенін атап кеткен жөн.
Сонымен қатар, іс-шара аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Еуропалық бизнес қауымдастығы арасында тығыз коммерциялық байланыстарды дамыту және екіжақты инвестициялар көлемін ұлғайту үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
«Тәуелсіздік алған сәттен бастап ҚР экономикасына шамамен $340 млрд инвестиция тартылды. Бұл ретте барлық инвестициялардың 40% астамы Еуропалық Одақ елдеріне тиесілі. Бүгінгі таңда біз Еуропадан ел экономикасының басым секторларына инвестицияларды одан әрі тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізудеміз. Әсіресе, бізді қосылған құны жоғары өңдеу өнеркәсібіндегі жоғары технологиялық өндірістер қызықтырады. Біз Еуропалық бизнес өкілдерімен жан - жақты ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз», - деп атап өтті KAZAKHINVEST компаниясы төрағасының орынбасары Ғалым Өзбеков.
ЕБҚ Басқарма Төрағасы, Ресей мен ТМД-дағы Schneider Electric президенті Йохан Вандерплаетстің айтуынша, делегация сапарының негізгі мақсаты Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен танысу болды:
«Біздің бизнес-миссия Қазақстан Республикасы Елшілігінің және Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігінің қолдауымен өткен Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырудың қисынды жалғасы болады. ЕБҚ мүше еуропалық компаниялардың өкілдері Қазақстанның бизнес пен инвестицияларды дамытуға дайын және ұсына алатын мүмкіндіктерді қызықтырды. Бірінші кезекте бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығына, арнайы экономикалық аймаққа қатысты. Еуропалық бизнес үшін Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығы, сондай-ақ ЕАЭО бірыңғай кедендік кеңістігі құрамындағы оның серпінді дамуы маңызды факторлар болып табылады. Біз ЕБҚ бизнес-миссиясы біздің аймақтағы мүше-компанияларымыздың бизнесін одан әрі дамытудың берік іргетасын қалап, Қазақстанға қосымша инвестициялар әкеліп, жаңа бизнес-байланыстар орнатуға көмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті Йохан Вандерплаетсе.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Инвестициялар комитеті, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ және Еуропалық бизнес қауымдастығы (ЕБҚ) ұйымдастырды.
Анықтама:
Еуропалық бизнес қауымдастығы (ЕБҚ) - Ресейдегі шетелдік инвесторлардың негізгі өкілдігі. 1995 жылы құрылған ЕБҚ Ресейде жұмыс істейтін 500 астам компанияны біріктіретін тәуелсіз коммерциялық емес ұйым болып табылады. ЕБҚ құрамына ірі халықаралық корпорациялар, Еуропалық Одақ елдерінен, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы мен әлемнің басқа өңірлерінен шағын орта бизнес кәсіпорындары да кіреді.