• Мобильді үстемені жүктеу

2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға 800 миллиард теңгеге жуық жеке инвестициялар тартылады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасы Тұжырымдамасының жобасы қаралды.

Тұжырымдаманы экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев ұсынды, Қазақстан Республикасында геологиялық барлауды дамыту мәселесінің өзектілігі мен тәсілдері туралы, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Б. Қуандықов, «Шелл Қазақстан» компаниясының коммерциялық мәселелер жөніндегі бас менеджері Э. Мерфи, «ҚазақмысБарлау» бас директоры Г. Нұржанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы А. Есімов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр баяндама жасады.

2021-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасы Қазақстан аумағында геологиялық барлауды қамтамасыз етуге, минералдық-шикізат базасын толықтыруға (пайдалы қазбалар қорын ұлғайтуға), жер қойнауын геологиялық зерделеу үшін ғылыми-зерттеуді қамсыздандыруға, автоматтандыру мен цифрландыруға, геологиялық саланың инфрақұрылымын дамытуға және кадрлармен қамтамасыз етуге, сонымен қатар ел халқының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен шамамен 200 миллиард теңге бөлу, сонымен қатар 800 миллиард теңгеге жуық жеке инвестиция тарту жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру алаңдарды 94,5%-дан 100%-ға дейін толығымен геологиялық зерттеуді, терең, геологиялық және минерагениялық картографиялауды - 25,8%-дан 37%-ға дейін арттыруға, қатты пайдалы қазбалардың шамамен 50 перспективалы алаңдарын анықтауға, шөгінді бассейндерінде геологиялық зерттеу көлемін: игерілген - 60% дейін, аз зерттелген - 10% дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Болжамдық ресурстардың өсуі күтіледі, оның ішінде алтын - 200 тонна, мыс - 5 миллион тонна, полиметалл - 5 миллион тонна, уран - 50 мың тонна, көмірсутектер - 700 миллион тонна. Геологиялық барлау саласындағы қызметкерлер саны 190 мыңнан 250 мың адамға дейін артады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономиканың дәстүрлі өндіруші салаларының тиімділігін арттыру және Қазақстанды геологиялық барлаудың әлемдік нарығына шығару міндетін қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Келемелұлы Тоқаев Үкіметке геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Мұнай-газ және тау-кен металлургиялық секторлары тұрақты шикізат базасымен қамтамасыз етілуі керек. Қолданыстағы кен орындары біртіндеп сарқылуда. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан аумағының зерттелуі 25%-дан асады»,- деді А. Мамин.

Премьер-Министр Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын тиімді іске асыру 1 салынған теңгеден 4 теңгеге дейін қосымша жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Еліміздің минералды-шикізат базасын толықтыру, атап айтқанда моноқалалардың жанында, экономикаға оң әсерін тигізеді және өнеркәсіптік салаларды дамыту үшін нақты негіз болады.

«Кен орындары ашылғаннан кейін 6 трлн. теңгеге дейін инвестициялар тартатын және 20 мыңға жуық қосымша жұмыс орындарын құратын жаңа өндірістік кешендер құрылады»,- деді А. Мамин.

Премьер-Министр геологиялық барлау жұмыстарын жүргізген кезде жаңа геофизикалық зерттеулер мен Жерді қашықтықтан зондтау әдістерін қолдану қажеттілігін атап өтті.

Үкімет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ағымдағы жылдың 31 мамырына дейінгі мерзімде Мемлекеттік бағдарлама жобасын Үкіметке енгізуді қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/okolo-800-mlrd-tg-chastnykh-investitsiy-budet-privlecheno-na-razvitie-geologorazvedki-v-rk-do-2025-g/