Қазақстандық және словак кәсіпкерлер инвестициялық ынтымақтастықтың болашағын талқылады
Қазақстандық және словак кәсіпкерлер Нұр-Сұлтандағы іскерлік дөңгелік үстел шеңберінде екі жақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Форумға Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы елшісі Роман Василенко, ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Словак Республикасы Экономика министрлігінің бірінші мемлекеттік хатшысы Войтех Ференца, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Тилинин, «Qazindustry» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Бекмағамбетов, сондай-ақ, екі елдің іскерлік топтарының 100 аса өкілі қатысты.
Шара барысында KAZAKH INVEST өкілдері ірі ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды және агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, өңдеу кәсіпорны және басқалар тәрізді экономиканың маңызды салаларын дамыту жөніндегі жоспарларды іске асырудағы еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кейінгі дамыту және кәсіпкерлікті жүргізудің тәжірибелік аспектілері мәселелеріне ерекше назар бөлді. Сонымен бірге, кәсіпкерлік қоғамдастықтың болашағы және алдында тұрған міндеттері талқыланып, Қазақстан мен Словакияның бизнес-құрылымдары арасындағы жаңа байланыстар орнатылды.
Сондай-ақ, SARIО инвестициялар және сауданы дамыту жөніндегі словак агенттігінің бас директоры Роберт Шимончич словак компанияларының Қазақстандағы ресми өкілдік құрудағы және бизнес пен мемлекеттік сектор өкілдерімен іскерлік байланыстарды нығайтудағы, МЖӘ саласындағы жобаларды іске асырудағы жоғары қызығушылығын атап өтті. Бұл агенттіктің миссиясы – шетелдік инвесторларды тарту үшін ынталандырушы құралдарды қолдану, дүниежүзілік нарыққа табысты кіру үшін словак компанияларына қолдау көрсету.
Шараның нәтижесі бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Словакияның «SARIО» инвестициялар және сауданы дамыту жөніндегі агенттігімен ақпарат алмасу және болашақ іс-шараларды ұйымдастыру мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, ынтымақтастық және бірлескен даму туралы меморандумға электр және жылу энергиясын өндіруге арналған энергиялық тиімді жабдықтың еуропалық өндірушісі – ENGUL s.r. словак компаниясы мен қазақстандық энергетикалық компания «Мarket Solutions» ЖШС арасында қол қойылды. Екі елдің іскерлік топтарының сұхбат құру алаңының ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ.
Анықтама:
2019 ж. қаңтар айынан қыркүйек айына дейінгі аралықта Қазақстан мен Словакия арасындағы тауар айналымы $26,3 млн құрады. 2005 ж. бастап 2019 ж. 2 тоқсанына дейінгі кезеңде Словакиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $20,4 млн құрады. Бүгінгі күні Қазақстанда медицина, электр энергетикасы, химия, өнеркәсіп, машина жасау және АӨК саласында словак қатысуы бар 40 жуық компания тіркелген.