• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан неміс ІТ-компанияларын тартуға мүдделі

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр ГФР-дың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннермен екі жақты өзара әрекеттесудің негізгі аспектілерін, неміс инвесторларымен бірге инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс тобының қызметін, сондай-ақ, екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтудың алдағы болашағын талқылады, деп жазады primeminister.kz.

Солайша, Тило Клиннермен сұхбат барысында  Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр бүгінде Германия Федеративтік Республикасы Қазақстанның халықаралық аренадағы ең маңызды серіктестерінің бірі, ал екі ел арасындағы қарым-қатынас көптеген жылдар бойы достық пен өзара түсіністік рухында қалыптасып келе жатқандығын атап өтті.

Қазақстандық тарап екі елдің инвестициялық өзара қарым–қатынастарын нығайту мақсатында жаңа технологиялар мен инновациялар саласында танылған көшбасшы неміс компанияларын цифрлық технологияларды қолдана отырып, сондай-ақ Индустрия 4.0 элементтерін енгізумен, құрылатын жаңа өндірістерді дамытуға тарту басымдыққа ие бағыттар екенін атап өтті. Бұл ретте неміс кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Тараптар қарым-қатынастарды дамытудың оң бағытын одан әрі сақтауға және оларды экономикалық, саяси, сондай-ақ әлеуметтік салаларда одан әрі нығайту жөнінде барлық күш-жігерін салуға келісті.

 https://kapital.kz/economic/84100/kazakhstan-zainteresovan-v-privlechenii-nemetskikh-it-kompaniy.html