• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы биыл $20 млрд асады

Сарапшы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық үшін биылғы жылды ерекше деп атады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бір белдеу, бір жол» саммитіне қатысу үшін сәуір айындағы сапары және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Қытайға алғашқы сапары екі елдің өзара іс-әрекетіне жаңа екпін берді. Президент сапарының барысында Қазақстан мен Қытайдың Іскерлік кеңесінің алтыншы отырысы өтті, онда тараптар бір қатар коммерциялық келісімдерге қол қойды.

Қазақстанның Ұлттық банкінің ақпараты бойынша, бірінші жарты жылдықта Қытай елімізге 900 млн доллардан артық тікелей инвестиция жұмсады. Ал Қытай кеденінің деректеріне сәйкес, екі жақты қарым-қатынастар тарихында бірінші рет биылғы жылы тауар айналымы 20 млрд доллардан асты.

Ян Цзинь, ҚХР ҚҒА Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының бөлім басшысының орынбасары:

- Инвестициялар саласында біз «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы мен «Нұрлы жер» бағдарламасының түйіндесуі арқасында үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Қытай көбінесе кен өндіруші кәсіпорынға, инфрақұрылым құрылысына, ауыл шаруашылығына және Қазақстанның басқа да сабақтас салаларына инвестиция жұмсайды. Одан басқа, бізге жоғары технологиялар, инновациялар, медицина, өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ, туризм саласындағы инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға болады.

 https://24.kz/ru/news/economyc/item/362812-tovarooborot-mezhdu-kazakhstanom-i-kitaem-v-etom-godu-prevysit-20-mlrd