• Мобильді үстемені жүктеу

А.Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді

«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің отырысы өткізілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Отырысқа банк акционерлерінің өкілетті өкілдері қатысты: Арменияның атынан - вице-премьер М. Григорян және қаржы министрінің орынбасары А. Айрапетян, Беларусьтің атынан — қаржы министрі М. Ермолович және экономика министрі Д. Крутой, Қырғызстанның атынан — қаржы министрі Б. Жеенбаева және экономика министрі С. Муканбетов, Ресейдің атынан — Үкімет төрағасының бірінші орынбасары – қаржы министрі А. Силуанов және қаржы министрінің орынбасары С. Сторчак, Тәжікстанның атынан — қаржы министрі Ф. Каххорзода және экономикалық даму және сауда министрі З. Завкизода, Қазақстанның атынан — Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі А. Смаилов.

Отырыстың алдында Банктің АХҚО аумағындағы кеңесін ашудың ресми салтанаты өтті – ЕАДБ «Астана» халықаралық қаржы орталығында орналасқан алғашқы даму банкі болды.

«ЕАДБ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамытуға және бірлескен жобаларды қаржыландыруға айтарлықтай үлес қосуда», — деді А. Мамин.

Отырыста Еуразиялық даму банкінің 2019 жылдағы жұмыс қорытындылары талқыланды және 2020 жылға арналған міндеттер айқындалды. Кеңес ірі инвестициялық жобаларды бекіту, цифрлық бастамаларды іске асыру және Банк қатысушыларының құрамын кеңейту мәселелерін қарастырды.

ЕАДБ инвестициялық портфелі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына қатысты $4 млрд асты,  2018 ж. салыстырғанда өсім 18% ($621 млн) құрады. Ағымдағы жылдың 11 айында көлемі шамамен $1,2 млрд құрайтын, энергетика (27,9%), инфрақұрылым (22,4%) , қаржы секторын (15,0%) және басқа салаларды қамтитын 23 жаңа инвестициялық жобаға қол қойылды. Банктің инвестициялық портфелінің елдік құрылымында Ресейдегі (42,8%) және Қазақстандағы (42%) жобалар басым. 11,2% Беларуське, 2,3% — Арменияға, 1,6% — Қырғызстанға, 0,1% — Тәжікстанға тиесілі.

Ағымдағы жылы ЕАДБ қаржы институттары – жергілікті банктерге «банктерге арналған банк» тұжырымдамасын іске асыру арқылы және жергілікті биржаларға есепті қызмет көрсетуді іске қосты. 1 желтоқсанға қатысты жағдай бойынша 40 қаржы институттары үшін 134 шот ашылды.»

 https://24.kz/ru/news/economyc/item/361952-a-mamin-provel-zasedanie-soveta-evrazijskogo-banka-razvitiya

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс