• Мобильді үстемені жүктеу

А. Маминнің Сан-Францискоға сапары: стартаптар, венчурлық капитал және цифрлық технологиялар

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин АҚШ жұмыс сапары шеңберінде Сан-Франциско қ. барып, инновациялық және цифрлық даму, венчурлық қаржыландыру және энергетика саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді.

 

Үкімет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) «Төртінші өнеркәсіптік революция орталығының» басшылығымен кездесті және ДЭФ басқарушы директоры Р. Саманспен инновациялық технологияларды реттеу саласындағы ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады. Кездесудің қорытындылары бойынша «Төртінші өнеркәсіптік революция орталығының» басшылығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) арасында Заттар интернетін (IoT) дамытудағы стратегиялық ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды, ол 2020 жылы Қазақстанда төртінші өнеркәсіптік революция жөніндегі ДЭФ Үлестес Орталығының ашылуына алғашқы қадам болды. Ұқсас мекемелер Израильде, Үндістанда, Қытайда, БАӘ, Колумбияда, ОАР, АҚШ және Жапонияда жұмыс істейді және жаңа технологиялар мен инновациялық жобалардың дамуын жүйелі мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «500 Startups» венчурлық қорының басшысы К. Цаймен келіссөздер жүргізіп, оның қорытындылары бойынша қазақстандық ұлттық даму институты - «QazTechVentures» АҚ – «500 Startups» V  Ғаламдық қорына қосу туралы келісімге қол қойылды.

Құжат ҚР бірлескен Тақырыптық венчурлық қорды құруды қарастырады. Жоба венчурлық қаржыландыру мен инновациялық кәсіпкерліктің дамуына серпін береді, стартап-компанияларды венчурлық капиталмен қамтамасыз етеді.

А. Маминнің «Bright Sphere Investment Group» (BSIG) инвестициялық тобының қаржы директоры С. Ранамен келіссөздері нәтижесінде Қазақстандық тікелей инвестициялар қоры (KIDF) мен BSIG арасында 2020 ж. Қазақстан аумағындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға арналған бірлескен қорды құрудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
          Анықтама: BSIG – басқаруында $200 млрд. артық қаражат бар, жетекші ғаламдық инвестициялық топ. 7 басқарушы компанияның көмегімен 30 елде жобаларды іске асыруда, бүкіл әлем бойынша 20 кеңсесі және 850 артық институционалдық және ірі корпоративтік клиенттері бар.
          Қазақстанда инновациялық экожүйені, венчурлық капиталды және стартап-жобаларды дамыту мәселелері А. Маминнің «Plug and Play» компаниясының басшылығымен сұхбаты барысында қарастырылды, «Astana Hub» алаңында оның кеңсесін ашу жоспарлануда.

Үкімет басшысы «C3.ai» компаниясының бас атқарушы директоры Т. Сибельмен келіссөздерінде ҚР мұнай-газ және басқа секторларында жасанды интеллектті пайдаланудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. «Cisco» трансұлттық корпорациясының президенті Г. Дидрихпен кездесу кезінде ақпараттық технологиялар және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында бекітілген мақсаттарға жету саласындағы ынтымақтастықтың жаңартылған стратегиясын іске асыру қарастырылды.

«One Web» бас атқарушы директоры А. Штекельмен кездесу барысында Қазақстан аумағын, оның ішінде, шалғайдағы аудандарды байланыс серіктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен бірлесіп қамсыздандыру жөніндегі жобаны іске асыру болашағы қарастырылды. Келіссөздердің қорытындылары бойынша, АХҚО Басшысы Қ. Келімбетов және «One Web» басшысы А. Штекель жобаны алдағы ілгерілету бойынша құжатқа қол қойды.

«Chevron» корпорациясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Д. Джонсонмен сұхбат барысында Болашақ кеңейту жобасын дамыту, «Теңізшевройл» жобасында тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық құрамды кейінгі арттыру, сондай-ақ, қазақстандық қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ортақ шаралар әзірлеу мәселелері талқыға салынды.

«Valv Technologies» компаниясының президенті К. Хантпен келіссөздерде Қазақстанда мұнай-газ секторына арналған клапандар мен жапқыштарды өндіру жөніндегі зауыт ашу мүмкіндігі қарастырылды. Өндірілетін өнімді «Теңізшевройл» Болашақ кеңейту жобасын іске асыру шеңберінде пайдалану, сондай-ақ, көршілес елдер нарығына экспорттау жоспарлануда.

А. Мамин «42» компьютерлік бағдарламалау мектебінің және «Qwasar»ІТ саласындағы білім беру компаниясының негізін қалаушы К. Ямгнанемен кездесу өткізіп, Қазақстанның цифрлық экономикасына арналған мамандарды даярлаудағы ынтымақтастық болашағын талқылады.

Премьер-Министр «Tesla» компаниясының кеңсесі мен зауытына барып, компания басшылығымен кездесу шеңберінде Қазақстанда қуаттау станцияларының желісін кеңейту және электромобильдерге арналған сервис-орталықтарды шау мәселелерін қарастырды.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/vizit-a-mamina-v-san-frantsisko-startapy-venchurnyy-kapital-i-tsifrovye-tekhnologii/