KAZAKHINVEST және ҚР Бас прокуратурасы инвесторлардың жүгінулерін қарастырудағы өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа жетті
Бас прокуратура және «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ Өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасты.
Құжат прокуратура органдары мен KAZAKHINVEST өңірлік өкілдерінің арасындағы инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша ортақ әрекеттерін іске асыруды реттейді.
Тараптардың айтуынша, Меморандум сондай-ақ инвесторлардың жүйелі сипаттағы жүгінулеріне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Жүйелі проблемаларды анықтау және жылдам шешу инвесторларға көмек көрсетуді және сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, республиканың шетелдік инвестициялар үшін тартымдылығын жоғарылатуға және нәтижесінде халықаралық рейтингтердегі позицияларды жақсартуға мүмкіндік береді, ол ел беделіне оң әсерін тигізеді.
«Дүниежүзілік Банктің «DoingBusiness2020» рейтингі нәтижелері бойынша Қазақстан позицияларын тағы 3 тармаққа жақсартып, 25 орынға ие болды. Біз еліміздің инвестициялар үшін тартымдылығын жоғарылату үшін бұдан әрі де барынша күш және ресурстар жұмсауға дайынбыз. Қол қойылған Меморандум үлкен тірек болады, оның аясында біз инвестициялық Омбудсмен қарауына енгізілетін мәселелерді шешетін боламыз, орталық және өңірлік деңгейде жүйелі мәселелерді шешу бойынша тиімді шаралар әзірлеу үшін талқылаулар жүргізетін боламыз»,- деп атап өтті «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Сартбаев.
Ағымдағы жылдың басынан бастап KAZAKHINVEST Сервистік қолду және инвестициядан кейінгі мониторингтеу департаментінің мамандары инвесторлар жолдаған 30 астам проблемалы мәселені шешуде көмек көрсеткенін атап кеткен жөн. Олардың ішінде кедендік, салықтық мәселелер, қажетті рұқсат беруші құжаттарды алуға, қаржыландыруға байланысты мәселелер және басқалар. Сонымен қатар, визалық және көші-қон мәселелері бойынша 170 артық жүгіну қарастырылды. Сондай-ақ, аталған кезеңде компанияның Call-орталығы кәсіпкерлерден келіп түскен 1,7 астам сұраулар мен жүгінулерді қабылдап, өңдеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Анықтама:
ҚР Бас прокуратурасы –Президентке есепті Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік органдарының бірі. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарғыларының және басқа нормативтік құқықтық актілердің Республика аумағында нақты және бірыңғай қолданылыуына, жедел іздестіру, тергеу қызметінің заңдылығына, әкімшілік және орындаушылық өндіріске жоғары қадағалауды іске асырады.