«Бір терезе» кеңсесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 мамырдағы отырыс Хаттамасының 1.4-тармағына сәйкес инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында қызметтер көрсету үшін «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ «Бір терезе» Кеңсесін құрды, ол келесідей қолдау қызметтерін көрсетеді:
- инвесторды оқыту және консультациялық-ақпараттық сүйемелдеу;
- инвестордың қызығушылығын тудыратын саладағы республикалық немесе жергілікті деңгейдегі МЖӘ жобаларын іріктеу;
- әлеуетті инвесторларды жоспарланатын, сондай-ақ, конкурсқа жарияланған МЖӘ жобалары туралы ақпараттандыру;
- МЖӘ кезеңдерін іске асыру кезеңінде жекеше серіктестермен жұмыс жасау.
Кеңес алу үшін «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-на келесі байланыстар бойынша жүгіну қажет:
- 8-71-72-70-17-41 – Талғат Тұрсынбаев, электрондық мекенжайы t.tursynbayev@kzppp.kz;
- 8-71-72-70-17-32 – Толым Әдепхан, электрондық мекенжайы tolym.adepkhan@kzppp.kz.