• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан экономикасына италиялық бизнес $7 млрд. жуық инвестиция аударды

Қазақстанның Италиямен сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың 8 айында 6,7 млрд. долларды құрады. Бұл туралы Сыртқы Істер Министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров италиялық-қазақстандық бизнес-форумда айтып берді, - деп хабарлайды Kapital.kz іскери ақпарат орталығының тілшісі.

«Бізде ынтымақтастықтың әр түрлі салалары бар, бұл сауда, ЖЭК және цифрландыру, ауыл шаруашылығы», - деп нақтылады Ерлан Хаиров, сонымен қоса, қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен  400 италиялық компания тіркелгенін, оның 275-і белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Бұдан басқа, биыл италиялық бизнес Қазақстанның экономикасына 6,6 млрд. доллар. инвестиция құйды. Сөйтіп, өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда биыл инвестиция көлемі 15%-ға артты», - деді Ерлан Хаиров.

Италия Республикасының Сыртқы Істер Министрі Манлио Ди Стефано бүгінгі күні Италия Қазақстанның бірінші еуропалық және Ресейден кейінгі үшінші ең ірі әріптесі екенін атап өтті.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан Италияға  шығарылатын экспорт 2,5 млрд долларды құрады. Қазақстан Республикасындағы италиялық экспорт көлемі бір млрд. доллардан біраз артады. Жалпы осы жылдың бірінші жартысында Орталық Азияға жеткізілген италиялық экспорт 65%-ды құрады. Қазақстанда аса бәсекелі компаниялар, оның ішінде энергетикалық секторда ғана емес, сонымен қоса, ауыл шаруашылығында, жаңартылатын энергетика,  аэроғарыш салаларында да бар. Алдағы уақытта біз осы жерден (Байқоңыр ғарыш айлағынан) өзіміздің ғарышкерімізді жібергіміз келеді. Мұнымен қоса, біз Қазақстаннан келетін туристік ағын артып келетінін байқадық», - деді Манлио Ди Стефано.

https://kapital.kz/economic/82649/pochti-7-mlrd-vlozhil-ital-yanskiy-biznes-v-ekonomiku-kazakhstana.html