• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST АӨК саласында 20-дан астам «тауашалы» жобаларды ұсынады.

KAZAKH INVEST «KazAgro-2019» ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің Халықаралық көрмесінде Қазақстан Республикасы агроөнерәсіптік кешенінің негізгі инвестициялық тауашаларын таныстырды.

Көрме қатысушыларына құрамында шетел капиталдары бар отандық агроөнеркәсіп кешенінің салалары туралы айтып қана қоймай, сүт пен ет өнімдерін шығару және қайта өңдеу; жемістер мен көкөністерді шығару және қайта өңдеу; май және дәнді-дақыл тұқымдарын  қайта өңдеу, қант қызылшасын  өндіру; жемшөп өндіру және т.б. бизнес-секторларына инвестиция тарту үшін қолда бар резервтер де көрсетілді.  

Аудитория қолда бар ресурстар мен мемлекеттік қолдау шараларына ғана емес, ашық экспортты нарықтарға назар аударды. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АТҚжИҰ) бас директорының орынбасары  Хамид Опелойер өз сөзінде  KAZAKH INVEST-пен ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы атап өтті

«Қазақстан өзінің агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық мүмкіндіктерін ескере отырып, АТҚжИҰ қатысушы елдерінің инвесторларымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру алаңы бола алады. Бұл ретте, өндірілетін өнім қажетті елге біздің Ұйымның азық-түлік резервті қоры арқылы жеткізіледі», - деді Хамид Опелойеру.

 «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы: экспорт және инвестициялар» сессиясында Басқарушы директор – «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Аймақтармен өзара іс-қимыл жөніндегі департаментінің директоры Улбосын Сарыбаева шетелдік инвестициялау үшін Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторындағы негізгі тауашалармен таныстырды. 

«Бүгінгі күні KAZAKH INVEST АӨК саласында 20-дан астам дайын өнімді ұсынып отыр. «Тауашалы» жобалардың барлығында дерлік әлеуетті қазақстандық серіктесі бар. Біз оларды іріктеген кезде екі негізгі принципті басшылыққа аламыз. Біріншісі – бұл белсенді жергілікті серіктес, ал екіншісі – жобаның экономикалық тартымдылығы. Инвестициялық жобалардың дайын тізімі болуы инвестролардың Қазақстанның қай аймағы мен қай саласын инвестициялау қажет деген мәселесін шешіп береді. KAZAKH INVEST идеядан бастап оны толық пайдалануға енгізгенге дейін қолдау көрсетуге дайын», - деді У. Сарыбаева 

Анықтама үшін: «KazAgro» - бұл ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің көрмесі. Әлемдік инновация, технология және қызмет көрсету саласындағ таныстыруға, клиенттік базаны кеңейтуге және жаңа  бизнес-байланыстарды орнатуға арналған кәсіби алаң. АӨК өндірушілері мен тұтттыыынушыларының арасындағы интенсивті диалог құруға, отандық тауарлар мен қызмет көрсетудің ішкі және сыртқы нарығына заманауи технологияларды енгізу арқылы қазақстандық тауар өндірушілердің  бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

 «KazAgro-2019» көрмесінің тараулары:

  • Ауыл шаруашылығы техникасы, оның құрал-жабдықтары мен қосалқы бөлшектері.
  • Шағын ауыл шаруашылығына, фермерлік шаруашылықтарға,  саяжай учаскелеріне арналған механизациялау құралдары.
  • Суару және дренаж.
  • Астықты жинау және сақтау.
  • Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар.
  • Ұн өнімдерінің құрал-жабдықтары.
  • Орама құрал-жабдықтар мен материалдар.
  • Ауыл шаруашылығы құрылысы, қоймалар.
  • Бау-бақша, жылыжай шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы технологиясындағы экологиялық аспектілер, суару және тұқым шаруашылығының заманауи жүйесі.
  • Ауыл шаруашылығы шикізаты мен өнімінің биотехнологиясы, бақылау және сапасы.
  • Агроэкология.
  • Өсімдіктерді, тыңайтқыштарды экологиялық қауіпсіз сақтау шаралары  және оларды қолдану технологиясы. Жемшөп өндіру.
  • Жабық грунт технологиясы.
  • Тамақ өнімдері, халал өнімі.
  • Тұқымдар, егу, жемістер, көкөністер.
  • Өсімдік шаруашылығындағы генетика және селекция.
  • Темекі және темекі бұйымдары.
  • Аграрлы ғылым, білім беру, шығару.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakh-invest-predlagaet-svyshe-20-nishevykh-proektov-v-sfere-apk-/