• Мобильді үстемені жүктеу

Нұр-Сұлтанда аймақтық деңгейде инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтанда өткізілген АХҚО алаңындағы семинар шеңберінде  аймақтық деңгейде инвестиция тарту мәселелері талқыланды. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның қолдауымен  ұйымдастырылған шараға  облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері, аймақтардағы инвестициялық мәселелермен айналысатын мамандар, орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, инвестиция тарту жөніндегі аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары  Ермек Кошербаев өз сөзінде KAZAKH INVEST-пен бірге  инвестордың болжамын анықтауға және оның қызметінде кездесуі мүмкін проблемалық мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін «Инвестор жолы» картасында әзірленетін  сыртқы, орталық және аймақтық деңгейлерінде инвестиция тартудың үш деңгейлі жүйесі құрылғаны туралы айтып берді.

Ермек Кошербаев ел басшылығының тапсырмасы мен ұлттық  инвестициялық стратегияны тиімді жүзеге асыру үшін дәл аймақтық деңгейдегі жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығы туралы айтты. «Бүгінгі күні қалыптасқан инвестиция тарту жүйесінде аймақтық деңгейдегі жұмыстарға негізгі орын беріледі. Инвесторлармен жұмыстың барлық кезеңдерінде тиімді жұмысты қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана шоғырландырылған күш-жігерімізбен қажетті нәтижеге жете аламыз»,- деді спикер.

Басқарушы директор – Аймақтармен өзара іс-қимыл жөніндегі департаменттің директоры Улбосын Сарыбаева  инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыруда,  инвестициялық жобаларды ілгерілетуде және қолдауда және Компания жүргізіп отырған инвесторларды сервистік қолдау, кеңес беру және құқықтық қолдау жұмысында ұлттық компаниялардың алатын орнымен таныстырды.

«Елімізге инвестиция тарту – бұл орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, қаржы және тікелей бизнес қатысатын масштабты және көп деңгейлі процесс.  инвестклимат пен орта ғана емес, жалпы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері іс-әрекеттердің қаншалықты үйлестірілгендігіне,  бизнес-процестердің дайындығына байланысты. Өйткені, инвестициялар – жаңа компаниялар мен кәсіпорындар ғана емес, сонымен бірге, бұл жаңа жұмыс орындары, отандық кадрлардың кәсіби білімінің жоғарылауы, неғұрлым сапалы тауарлар мен қызметтерге қолжетімділік», - деп атап өтті спикер семинар барысында.

Инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысы бар тұлғаларды оқыту және инвесторларға «бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсетудің өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру мәселелері осы семинардың негізгі мақсаты болды.

Семинарға қатысушылар АХҚО қызметімен танысты және инвестициялық жобаларды әзірлеу бойынша жұмыста қолдану үшін практикалық білім мен дағдыларға ие болды.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/v-nur-sultane-obsudili-voprosy-privlecheniya-investitsiy-na-regionalnom-urovne/