Кұрметті Шығыс Қазақстан облсының кәсіпкерлері!
2019 ж. 10 қарашада Ыстамбұл қаласында (Түрік Республикасы) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің а.ж. 10-11 қарашада Түрік Республикасына іссапары шеңберінде қазақстан-түрік бизнес-форумын өткізу жоспарланып жатқандығын хабарлайды.
Форум бағдарламасының жобасы ҚР Премьер-Министрі А.Ұ.Маминнің және Түрік Республикасының вице-президенті Ф.Октайдың қатысуымен пленарлық отырысын, сондай-ақ АӨК, химия және мұнай газ-химия салалары және «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы мәселелеріне қатысты тақырыптық панельдік сессиялар өткізуді қарастырады.
Осыған орай, Сізді жоғарыда аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда қатысушылар туралы ақпаратты 2019 жылдың 22 қазанына дейін invest-vko@mail.ru электрондық мекен-жайына жолдау.
Қазақстан-Түрік бизнес-форумының бағдарламасы