• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST Renewable Energy Summit 2019 шеңберінде ЖЭК жобаларын мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды

KAZAKH INVEST Нұр-Сұлтанда Renewable Energy Summit 2019 шеңберінде инвестициялық әлеуетті және жаңғырмалы энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды.

Форум барысында «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Біржан Қанешев 2019 жылдың 9 айының ішінде «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ көмегімен ЖЭК саласында жалпы қуаты 250 МВт құрайтын 5 жоба іске қосылғанын атап өтті. Солайша, мысалы, қыркүйек айында күн электр станцияларының (КЭС) 3 жаңа жобасы пайдалануға енгізілді. Екі жобаны Universal Energy компаниясы іске асырды, олар: Алматы облысындағы 100 МВт және Шығыс Қазақстан облысындағы 30 МВт күн электр станциясы. Бүгін Қарағанды облысының Ағадыр кентінде қуаты 50 МВт күн электр станциясы пайдалануға енгізілді, жоба бойынша инвестор - «Solarnet Investment GmbH» неміс компаниясы болды. Аталған компания үшін бұл Қарағанды облысының аумағындағы ЖЭК саласындағы екінші жоба. Бұдан бұрын 2018 жылы компания Саран қаласында қуаты 100 МВт күн электр станциясын салу жобасын жүзеге асырған болатын.

Одан басқа, 2019 жылдың соңына дейін «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ көмектесуімен ЖЭК саласындағы тағы 4 станцияны пайдалануға енгізу жоспарлануда.

Жаңғырмалы энергия көздері жөніндегі ІІІ халықаралық Саммит (Renewable Energy Summit 2019) жұмысына әлемнің 15 мемлекетінен 300 артық делегат қатысты, олардың арасында: Қазақстан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Украина, Ұлыбритания, Израиль, Кувейт, Қырғыстан, Франция, Түркия, Германия, Өзбекстан, Испания, Грузия.

Саммиттің мақсаты – жаңғырмалы энергия көздерін пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау, сондай-ақ, еліміздің және бүкіл әлемдік қауымдастықтың «жасыл» болашаған құруға үлес қосатын үздік идеялар мен тиімді шешімдерді іске асыру болып табылады.

Іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы – «жасыл» экономиканы дамытуға мүдделі компанияларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым Қазақстанның жаңғырмалы энергетика қауымдастығы, Саммиттің бірлескен ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры болып табылады.

ЖЭК ІІІ Саммиті ұйымдастырушысы KAZENERGY Қауымдастығы болып табылатын  KAZENERGY Еуразиялық Форумының KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019/XII шеңберінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен өткенін атап кеткен жөн.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakh-invest-prezentoval-mery-gospodderzhki-proektov-vie-v-ramkakh-renewable-energy-summit-2019/