• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары 120 елден 330 млрд доллар шетелдік инвестициялар тартылды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясында Қазақстанның инвестициялық саясатының іске асырылу барысы туралы айтып берді.  

Вице-Премьер шикізаттық емес секторға шетел инвестицияларын тарту мақсаты Елбасы Жолдауындағы негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті.   

«Қазақстанның тәуелсіздік жылдары 120-дан астам елден $330 млрд. шетелдік инвестициялар тартылды.  Инвестициялардың негізгі бөлігі  - 50%-тен астамы еуропалық одақ елдерінен алынды, атап айтқанда: Швейцария - 25,8 млрд., Франция - 16,1 млрд., Италия - 8,7 млрд., Нидерланды - 90,4 млрд., Бельгия - 7,6 млрд., Германия - 5,2 млрд. Америка Құрама Штаттарынан 15% тікелей шетелдік инвестициялар немесе 48,4 млрд. Инвестициялардың шамамен  5%-ы  Ұлыбритания және ҚХР елдерінен тартылды», - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

1-тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдіктердің, атап айтқанда  35,3% кәсіпорын ресей, 9,5% - түрік 5,7% - өзбек, 5,6% - қытай, 3,1% - неміс ұлттарының қатысуымен 19 мың заңды тұлға мен филиалдар жұмыс істейді.

Шетелдік инвестициялар бойынша қазақстандық уәкілетті органдар  2010-жылдан бастап шамамен 650 жобаны қарады. Оның ішінде Еуропалық одақ елдерінің инвесторлары ұсынған жобалар  – 185, Ресей Федерациясы - 111, Турция – 80 және ҚХР – 55 жоба және т.с.с. Ұсынылып отырған жобалардың ішінде қазақстандық мазмұндағы жоғары технологиялық және ҚР азаматтарын жұмыспен қамтитын, заманауи технологиялар трансфертін қамтамасыз ететін жоғары технологиялық жобаларға басымдық беріледі. Осы кезеңде  $16,2 млрд. 235 жоба (қалған жобалар қарау сатысында) іске асырылды, оның ішінде 133 жобаны Еуропалық одақ елдері мен РФ  жүзеге асырды.

«Әлемдік тұрақсыздық пен санкциялық текетірестер жағдайында инвесторлар инвестициялық климаты тұрақты елдерді таңдап алады. Әр ел өзінің инвестициялық рейтингін жақсартуға ұмтылады, өйткені,сол елге капитал ғана емес, жаңа заманауи технологиялар да келеді», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

ҚХР көптеген инвесторлардың бірі бола тұра, 15 жобаны қаржыландырып, іске асырды, бұл жалпы 2010-жылдан бері іске асырылған жобалардың 6% -ін құрайды.

Бүгінгі күні Қазақстан-Қытай елдерінің индустриализация саласындағы  бірлескен жобаларының тізбесі жалпы сомасы $ 27,6 млрд. құрайтын 55 жобаны қамтиды.

2015-жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы сомасы $3,9 млрд. болатын 15 жоба іске қосылды. Жобалар машина жасау, химиялық өнеркәсіп, энергетика, баламалы энергетика және АӨК сынды экономиканың жоғары технологиялық салаларында іске асырылады. 3828 қазақстандық жұмыс орны ашылды.

«Еліміздің әр түрлі аймақтарындағы жоғарыда аталған жобалардың барлығында заманауи технологиялар қолданылды, экспортқа бағдарланып жасалған, қазақстандықтарға жаңа жұмыс орнын береді. Бұл жерде қандай да бір зауыттарды көшіру емес, технологиялар трансферті туралы айтылады. Қазақстан-Қытай елдерінің индустриалдық-инвестициялық бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 20 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашып, қосылған құны жоғары болатын, шетелдік нарыққа экспорттауға бағдарланған жоғары технологиялық отандық өнімдерді шығаратын бірқатар жоғары технологиялық кәсіпорындар салуды жоспарлап отырмыз», - деп қорытынды жасады Жеңіс Қасымбек.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/za-period-nezavisimosti-kazakhstana-privlecheno-330-mlrd-dollarov-inostrannykh-investitsiy-iz-120-st/