• Мобильді үстемені жүктеу

ШҚМТУ инновациялық бағдарламалары

Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (ШҚМТУ) негізі қаланған кезден бастап 60 жылдан астам уақыт ішінде тар бейінді институттан цифрлық экономика жағдайларында индустрияға арналған мамандарды даярлайтын инновациялық ЖОО-на айналды.

Инновациялық тәжірибені іске қосу – қосалқы табыс түсіру тәсілі ғана емес, жоғары оқу орындарының маңызды міндеттерінің бірі, сонымен бірге, оқушылар үшін сапалы тәжірибе. Университетте кәсіпкерлік пен шығармашылықты көтермелеу жүйесі ретке келтірілген.

Новаторлық атмосфераны ЖОО ректоры – профессор Жасұлан Шаймарданов қолдайды.

- Ғылымның, технологиялардың және сәйкесінше, экономиканың негізді салаларының қарқынды дамуы жағдайларында университеттің табысын оның уақыт талабына сай болу қабілеті айқындайды, - деп атап өтеді ШҚМТУ жетекшісі.

Шығыс Қазақстан облысының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарында жаңа өнім түрлерін әзірлеуге бағытталған Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде келесідей 7 жоба қалыптастырылған:

1)              «МРТ арналған асқын өткізгіш сымды өндіру технологиясын әзірлеу»

Жобаның мақсаты – жылуға орнықтылық қасиеттері жақсартылған асқын өткізгіш сымдардың жаңа класын жасау. Мұндай сымдарды магнитрезонансты томографтардың орамдарында қолдану термомеханикалық жылу ауытқуларының реакцияларын басуға мүмкіндік береді. Енді ауқымды асқын өткізгіш магниттерді бірнеше рет қайта іске қосу және «демалдыру» қажет болмайды.

Орталық құрамында «Сапаны бақылау секторы» құрылған: механикалық қасиеттерді зерттеу бойынша әмбебап сынақ машинасы, металлографикалық микроскоптар, трибометр, профилометр.

Сым жасаудың құрылымы (биметалл және көп тарамды құрастыруларды есептеу) және аппаратуралық-технологиялық схемасы әзірленген. «ҮМЗ» АҚ негізінде тәжірибелік үлгілер жасалған, бұл асқын өткізгіш сымның 10 километрі.

Тәжірибелік үлгінің 10 метрі Furukawa Electric Group жапон корпорациясына жіберіліп, ол жерде сертификаттау сынақтарынан өтті. Ал университеттің өзінің негізінде оның механикалық қасиеттері зерттелді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов асқын өткізгіш сымды басқа елдерде де сатуды бастау жоспарланғанын хабарлады.

 

2)              «Танталдан және ниобийден жасалған медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру технологиясын әзірлеу»

Университетте өндіру мен буып-түюдің барлық кезеңдерін қамтитын, медициналық импланттарды өндіруге арналған толық циклды тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске құрылған.

Травматология және ортопедия ҚазҒЗИ маркетингтік зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде денеаралық кейдждердің 4 түрі мен пластиналы импланттардың 4 түрін қамтитын Қазақстан нарығында ең көп талап етілетін 8 импланттар тізімін анықтады.

ШҚМТУ-да ВТ – 6 (Grade 5) медициналық қорытпасынан және TI-Nb-Ta қорытпасынан импланттардың 8 түрі жасалған. Зерттеулер олардың жақсы беріктігі мен аққыштығын көрсетті. Жамбас буынының эндопротезі тостағанының, жамбас буыны эндопротезі шарының және шынтақ буынының эндопротезі сирағының тәжірибелік үлгілері өндірілді. Клиникаға дейінгі зерттеулер аяқталып, оң нәтижелер берді.

Жоба аясында жоғары технологиялы медициналық өнімді жасау технологиясы алынады. Келесі кезең - коммерцияландыру.

     3) «ГИДРОПОЛИМЕТ» тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғысын пайдаланумен, төмен сұрыпты минералды және техногенді шикізатты атмосферлық сілтісіздендіру технологиясын дамыту»

Бұл жоба нанотехнологиялардың тиімді әдістерін қолдану есебінен металлургиялық өндірістің экологиялылығын жоғарылатуды қамтамасыз ететін төмен сапалы минералды және техногенді шикізатты қайта өңдеу тәсілін зерттеу мен әзірлеуді қарастырады.

«Қазмырыш» ЖШС Риддер металлургиялық кешенінде тастама шикізатты атмосфералық сілтісіздендірудің бірегей технологиясын енгізу қорытынды кезеңіне кірді. 

Бұл технологияның басты артықшылығы – экологиялылығы. Төмен сұрыпты концентраттарды өнеркәсіптік масштабтарда қайта өңдеу вельцкешендердің күйдіру шектерінің жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді, ол атмосфераға шығарындыларды төмендетеді.

4)              «Қазмырыш» ЖШС қорғасын және мырыш алудың пирометаллургиялық процестерін жаңғырту»

Бұл жобаны да «жасыл технология» деп атауға болады. ШҚМТУ ғалымдары парниктік газдардың шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік беретін, энергия үнемдейтін технологиялық процестерді енгізу негізінде қорғасын мен мырышты өндірудің экологиялық қауіпсіздігін жоғарылатуға бағытталған зерттеулер жүргізді. Жұмыс «Қармырыш» ЖШС бірлесіп жүргізілуде.

ҒЗТҚЖ деректерінің негізінде кейін:

• Қайта айналу қағидасын жүзеге асыру есебінен қорғасын-мырыш өндірісінің пирометаллургиялық процестерінің энергия сыйымдылығын 4-8% төмендету, өндірістің экологиялылығын жоғарылату.

• Парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларын төмендету.

• Боқат балқытпалары грануляторының зертханалық үлгісін жасау жоспарлануда.

 

5)               «Мұнай-газ саласына арналған титан өнімді шығару»

Екі технология жүзеге асырылған: 1) ілмекті арматураның тозуға төзімділігін жақсарту үшін ДУ-65 шибер жапқыштың ілмекті элементтерін титанмен жабындау; 2) "ӨӨАЗ (УЗПА)" бірлесіп, титан қорытпасынан жасалған бөлшекті шибер жапқыштарды құрастыру.

Ақтау қ. «ҚазАзот» кен орнында сынақ жүзеге асырылуда. «Тарбағатай Мұнай» ЖШС газ кен орнында қытайлық өндірісті шибер жапқышқа титан қорытпалы тәжірибелік бөлшектер орнатылды.

Болжамды нәтижелер: Тоттануға қарсы жабын салу технологиясын әзірлеу; Белгіленген механикалық сипаттамалары бар, мұнай-газ және мұнай-химия салаларына арналған өнім өндіру технологиясын әзірлеу; dy-50 жапқыштарының қызмет мерзімін 3 айдан бірнеше жылға дейін арттыру, солайша "ӨӨАЗ (УЗПА)" өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

6)   «Медицина саласында кейінгі пайдалануға арналған титан өнімді шығару»

ШҚМТУ «ӨТМК» АҚ енгізу үшін отандық өндірісті титан мен оның қорытпаларынан жасалған медициналық импланттарды өндіру технологияларын әзірлеуде.

Бұл Шығыс Қазақстанның экономикалық дамуының тұрақты өсімін, сондай-ақ, кәсіпорынның экологиялық деңгейін жоғарылатуды және металлургия саласындағы технологиялық көшбасшы позицияларын сақтауды қамтамасыз ететін, өңірлік проблемалардың кезекті шешімі.

 

7) «Жаңа өнім түрлерін алу арқылы «ӨТМК» АҚ хлор өндірісінің қалдықтарын пайдаға асыру технологиясын әзірлеу»

Бұл шараның мақсаты – қалдықтарды қайта өңдеудің тиімдірек технологиялық тәсілдерін қолдану есебінен титан-магний өндірісінің экологиялылығын жоғарылатуға бағытталған зерттеулер жүргізу. Қатты қалдықтарды шамамен 2 есе қысқартуға мүмкіндік беретін және кәсіпорында тұйықталған су айналымын жасауға көмектесетін, өнеркәсіптік пайдаланылған суларды минералсыздандырудың тәсілі әзірленді.

Қазіргі уақытта әр түрлі құрылыс материалдарын жасау үшін пайдаланылатын минералды ұнтақ алу мақсатында өнеркәсіптік пайдаланылған сулардың қатты бөлігін пайдаға асыру жөніндегі зерттеулер орындалуда. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша ұсақ сериялы өндіріс учаскесі құрылған, пайдаланушылық сипаттамаларын салыстыру үшін, қалдықтарды пайдаланумен және пайдаланусыз, тақталардың екі топтамасы жасалған. Тәжірибелік алаң салынған (70 ш.м).

Жобалармен кім жұмыс істейді?

Инновацияларды дамыту үшін дарын және құзыреттер, сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау үшін инфрақұрылым, корпоративтік механизмдер мен инновацияларды ынталандыру мен көтермелеудің ережелері қажет. Университетте дарынды оқытушылар мен зерттеушілерді жұмылдыру мен қолдау үшін жағдай жасалған.

Жоғарыда аталған нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде мақсаттар мен міндеттерді сапалы орындау үшін университеттің 5 жаңа ғылыми-өндірістік және инновациялық-зерттеу кешені мен зертханасы құрылып, қолданыстағы 6 жаңғыртудан өтті. VERITAS озық даму орталығы құрылды.

Зерттеулердің кадрлық қамсыздандырылуы: Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ 83 қызметкері, олардың ішінде ғылым докторлары – 4 адам, ғылым кандидаттары – 16 адам, PhD – 6 адам. Жас зерттеушілер (бакалавриат студенттері, магистранттар, PhD докторанттары) саны – 36 адам, олардың курстық, дипломдық жұмыстарының және диссертацияларының тақырыптары бағдарлама тақырыбына тікелей байланысты. Зерттеулер үшін сондай-ақ шетел университеттерінің және ғылыми орталықтардың ғалымдары жұмылдырылады.

Жалпы университеттің жетістіктері жайлы Шығыс Қазақстанның дамуына қарап қорытынды жасауға болады. Оның түлектері нақты секторда жұмыс жасайды, кәсіпкерлікте және басқаруда басты қызметтер атқарады. ШҚМТУ түлектері мен қызметкерлерінің үлесі арқасында облыс бүгінгі күні ең табысты және қарқынды дамып келе жатқандардың бірі болып табылады.