• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан-Германия саяси және сауда-экономикалық өзара әрекеттесуінің жаңа кезеңін ҚР СІМ басшысының ГФР-дағы алғашқы ресми сапары ашады

Қазақстан және Германия жақын болашақта сапалы жаңа деңгейге шығу мүмкін мемлекетаралық қатынастардың бүкіл кешені бойынша көп жоспарлы серіктестікті өсіруге ниетті. Мұндай нәтижелерге ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың ГФР-на ресми сапары шеңберіндегі неміс саясаткерлерімен келіссөздер қорытындылары бойынша қол жеткізілді. 

Қазақстанның СІМ басшысы әріптесі – ГФР Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен, Федералдық президент Ведомствосының Жетекшісі Штефан Штайнляйнмен, «Германия – Орталық Азия» парламенттік достық тобының төрағасы, Бундестаг депутаты Манфред Грундпен, Экономика және энергетика министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Томас Барайспен кездесті.

Неміс истеблишментінің өкілдері елімізде болып жатқан ішкі саяси оқиғаларға жоғары баға берді, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылысындағы айрықша рөлін атап өтті. Олар жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саяси бағыттың жалғасы мен жүргізіп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларын қолдап, алдағы табыс тіледі.

Сұхбат барысында Б. Атамқұлов пен Х. Маас екіжақты қарым-қатынастың және өзара әрекеттесудің көпжақты форматтағы негізгі мәселелерін талқылап, «сағаттарды салыстырды».

Жоғары қызметтегі неміс дипломаты ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын бірлесіп әзірлеуге дайындығын білдірді. Ол 180-мыңдық неміс диаспорасын қолдау және Қазақстанда неміс тілін үйренуді насихаттау үшін алғысын білдірді. Тараптар жалпы білім беру, әсіресе дуалды білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге келісті.

Одан басқа, жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыру және тиісті іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Министрлер сондай-ақ, Германия негізгі рөл атқаруға мүдделі Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа Стратегиясын іске асырудың тәжірибелік бағыттарын қарастырды. Бұл тұрғыда тараптар Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

Екі министр де бірлескен баспасөз конференциясында сөз сөйлеп, Қазақстан-Германия саяси байланыстары мен экономикалық ынтымақтастығының үдемелі дамуына қанағаттанушылық білдірді.

Ш. Штайнляйнмен келіссөздер барысында саяси ынтымақтастық мәселелері жөніндегі сындарлы пікір алмасу өтті. СІМ басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың әлемдік қауымдастыққа үш диалог негізінде жаңа геосаяси шындықты құру идеясын ұсынған бастамасын атап өтті. Өз кезегінде Ш. Штайнляйн Германияның державалар арасында сұхбат орнатуға мүдделі екенін атап өтіп, бастамаға жоғары бағасын берді.

Бундестаг мүшесі М. Грундпен кездесу кезінде екіжақты парламентаралық қатынастар мәселелері қозғалды. Министр еліміздің басшылығының халықаралық бастамаларын үнемі қолдағаны үшін алғысын білдірді. Осы тұрғыда ол 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразия елдері спикерлерінің төртінші кеңесінің жұмысына Бундестаг төрағасының бірінші орынбасары Х.-П. Фридрих қатысатанын қанағаттанарлықпен атап өтті. Неміс депутаты Қазақстанға 1996 жылғы алғашқы сапары туралы айтып, еліміздің ағымдағы даму деңгейімен салыстыра отырып, Н. Назарбаевтың зор рөлін атап өтті. 

Германия экономикасы өкілдерімен келіссөздерде тараптар сауда айналымының өсіп келе жатқан көрсеткіштерін оң бағалады, 2018 жылы ол 5,1 млрд АҚШ долларын құрады (Германия статистикасына сәйкес). Бұл ретте Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы басты әріптесі болып табылады – өткен жылы сауданың жалпы көлемі ГФР-дың өңір елдерімен сыртқы сауда операциялары көлемінің 85%-дан астамын құрады. Ағымдағы жылдың соңына дейін энергетика, машина жасау, ЖЭК, химия, туризм, көлік және ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа жобалар кіретін екі мемлекет арасындағы экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықтың «Жол картасына» қол қою мүмкіндігі талқыланды.

Соңғы 12 жылда Қазақстанға ГФР-дан 8,6 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестициялар тартылды. 900-ден астам бірлескен кәсіпорындар құрылып, бұл ретте нарықта «Siemens», «WILO», «KNAUF», «BASF», «MetroCash&Carry», «OBI», «CLAAS», «Linde AG» сияқты ірі инвесторлар жұмыс істейді.

Сапар барысында Б. Атамқұловтың ГФР канцлері кеңсесінің, Германияның сыртқы сауда палаталары қауымдастығының басшылығымен кездесуі, сондай-ақ неміс бизнесі капитандарымен «дөңгелек үстел» өткізу жоспарлануда. 

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/novyy-etap-kazakhstansko-germanskogo-politicheskogo-i-torgovo-ekonomicheskogo-vzaimodeystviya-otkryv/