• Мобильді үстемені жүктеу

Бангкокта Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда сұхбатын кеңейту талқыланды

2019 жылғы 31 шілдеде Қазақстанның елшісі Раушан Есболатова Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда сұхбатын кеңейтуді үйлестіру және тиімді өзара әрекеттесу мақсатында тай іскерлік топтарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікірталас түрінде өткен Таиланд кәсіпкерлерімен сұхбат барысында елші Қазақстанның Бангкоктағы Елшілігі тай және шетелдік кәсіпкерлер үшін Елшіліктен бастап жергілікті атқарушы органдарға дейін «СІМ – шетелдік мекемелер – өңірлер» жұмыс фортамындағы өзара әрекеттесу тізбегін орнату мақсатында жолсерік қызметін атқаратынын тағы да атап өтті.

Шараға қатысушылар ауыл шаруашылығы, тағам және жеңіл өнеркәсіп және басқа салалардағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар шеңберіндегі инвестициялық мүмкіндіктермен танысты.

Қазір Қазақстан жаңа инвестициялық даму кезеңінде екені және көптеген іскерлік мүмкіндіктер ұсынатын мемлекет болып табылатыны, инвестициялық жобалардың шетелдік қатысушылары үшін бірегей жағдай жасалатыны атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар қазақстандық өңірлерге бизнес-миссияларды бірге ұйымдастыруды жалғастыруға келісті. Биылғы жылдың шілде айында тай компанияларының өкілдері Алматыда болып, әлеуетті серіктестер мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері арасында кездесулер өткізгендері белгілі.

 https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/rasshirenie-torgovogo-dialoga-mezhdu-kazakhstanom-i-tailandom-obsudili-v-bangkoke/